• kz

Қарағанды облысында жаңа полиметалл байыту фабрикасы іске қосылды

ЖГОК

Қазіргі заманғы полиметалл байыту фабрикасының (бұдан әрі – ПБФ) қуаттылығы жылына 5 млн тоннаға жуық кенді қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Ауқымды жобаны 2014 жылы «Жәйрем КБК» АҚ-ны (бұдан әрі-ЖКБК) сатып алған және өндіріске жаңа дем берген «Қазмырыш» компаниясының арқасында жүзеге асыру мүмкін болды. 2018 жылы жалпы құны 190 млрд теңгеден асатын «Жәйрем Полиметалы» жобасы аясында жаңа байыту фабрикасының құрылысы басталды. Бұл мақсаттарға қаражатты Қазақстанның Даму Банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ) қарыз түрінде 7 жыл мерзімге 33 млрд теңгені ішінара бөлді. Қалған шығындарды «Қазмырыш» өз мойнына алды.

Фабрика құрылысын 2 500-ге жуық адам салды. Жәйрем үшін «Қазмырыш» жобасы жаңа өмірді, дамудың үлкен келешегін білдіреді. ЖКБК Қазақстандағы мырыш және қорғасын концентраттарының ең үлкен өндірушісі болады деп күтілуде.

Александр Хмелев

- Біз фабриканы 3 жыл ішінде салдық. Бұл оңай жол емес еді, бірақ тіпті коронавирустық инфекция пандемиясы да бізге маңызды тапсырманы орындауға кедергі келтірмеді, - деп атап өтті «Қазмырыш» ЖШС бас директоры Александр ХМЕЛЕВ. - Байыту фабрикасы Жәйремді ғана емес, бүкіл Қарағанды облысын дамытудың жаңа кезеңі болады, сондай-ақ елді индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының іске асырылған жобаларының қатарына кіреді. Мұнда озық технологиялар мен әдістер, соның ішінде цифрлық әдістер қолданылады. Фабрика 500-ге жуық қосымша жұмыс орындарын құрды, сондай-ақ біз тапсырыс беріп отырған қазақстандық серіктестерімізбен қарым-қатынасқа жаңа серпін берді. Қазіргі уақытта «Қазмырыш» тауарлар мен қызметтердің 70 пайызға жуығын отандық компаниялардан сатып алады.

Абай Саркулов

- Жәйремде жаңа ПБФ-ның іске қосылуы тек «Қазмырыш» үшін ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның барлық тау-кен металлургия кешенін дамыту үшін де маңызды стратегиялық мәнге ие, өйткені ол отандық ресурстық қорды сақтауға және дамытуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

Өндірістік жобаны жүзеге асыра отырып, компания Жәйремнің әлеуметтік жағдайы туралы да ұмытпайды. «Қазмырыш» кентті дамытуға 5 млрд теңгеге жуық инвестиция салды: ауруханада заманауи жабдықтар, біліктілікті дамыту орталығы, жаңа мешіт пайда болды, іс жүзінде Мәдениет үйі, спорт орталығы қайта салынды, жыл сайын коммуналдық саланы қолдауға және дамытуға қаражат бөлінеді. Болашақта компания Жәйремді дамытуға қатысуын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Жоба ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79