Осы іс-шарада 200 астам елден келген экономикалық ведомстволардың басшылары, банк секторының және экспорттық-кредиттік агенттіктердің өкілдері экспорттық сауда қаржыландырудың мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады.
Конференцияның барысында ҚДБ 2017 жылы Sinosure аясында бірлестірілген қарыз тарту бойынша үздік мәміле үшін берілетін наградаға ие болды. Өткен жылдың соңында Қазақстанның даму банкі «Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» жобасын қаржыландыру үшін Sinosure сақтандыруымен Sumitomo Mitsui Banking Corporation Europe Limited, Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ Ltd., Deutsche Bank Hong Kong Branch, Credit Agricole Corporate and Investment Bank-терінен тұратын банктер синдикатымен кредиттік келісім жасасқаны белгілі.