Қазақстанның Даму Банкінде жаңа қызметкерлердің Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен және қаржы институтының топ-менеджментімен кездесуі өтті. Бұл іс-шара ҚДБ ұжымы жаңа қатысушыларының Банктегі қызметке бейімделуі мен одан күтетін үміттерімен байланысты мәселелерді талқылауға арналған алаңға айналды.
Кездесу барысында қызметкерлер Банк қабырғасында өткен бейімделу кезеңі туралы өз әсерлерімен бөлісті және ҚДБ-дағы жұмыстан күтетін нәтижелер туралы талқылады. Басшылық өз кезегінде Банктің даму стратегиясына баса назар аударды және оның Қазақстан экономикасын дамытудағы рөлі туралы көзқарасымен бөлісті.
«ҚДБ экономика үшін қосымша құндылық жасауға бағытталған жобаларды қаржыландырады. Біз тұрақты экономикалық өсуге үлес қосатын инновациялық және келешегі зор бизнес бастамаларын іздейміз және қолдаймыз. Әрбір қызметкер осы миссияға өзінің бірегей үлесін қосады және біздің Банк жаңа қызметкерлердің кәсіби өсуіне жәрдемдесу мүмкіндігін мақтан тұтады, бұл біздің елдің жалпы табысы мен өркендеуіне ықпал етеді», - деп атап өтті Банктің Басқарма төрағасы Марат Елібаев.
Кездесу сұрақтар мен жауаптар сессиясымен аяқталды, онда қызметкерлер өздерін қызықтыратын сұрақтарға тікелей басшылықтан жауап алуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, мұндай кездесулер ҚДБ корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлшегі болып табылады, қызметкерлер мен басшылық арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға және Банктің стратегиялық мақсаттарын тиімді іске асыруға ықпал етеді.