• kz

ҚДБ мен SACE агенттігі Қазақстан мен Италия арасындағы сауданы қолдау туралы келісті

18 қаңтарда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес құрылымы) және Италияның SACE экспорттық кредиттік агенттігі (бұдан әрі – SACE) өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италия Республикасына ресми сапары аясындағы құжатқа ҚДБ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Байбазаров пен SACE бас директоры Александра Риччи қол қойды.


WhatsApp Image 2024-01-19 at 09.39.16.jpeg


Меморандум екі тараптың болашақ ынтымақтастығының аясын айқындайды. Құжатқа сәйкес ҚДБ мен SACE көлік және логистика, энергетика, машина жасау, металлургия, химия және тамақ өнеркәсібі салаларына және экономиканың басқа да секторларына баса назар аудара отырып, Қазақстан мен Италияның қаржы институттары арасындағы мәмілелерді сақтандыру бойынша іскерлік өзара қарым-қатынастарды дамытатын болады.

«Қол қойылған меморандум итальяндық бизнесті Қазақстанда жұмыс істеуге тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл ретте SACE өз тарапынан 100 миллион еуроға дейінгі экспорттық-импорттық мәмілелер үшін сақтандыру немесе кепілдік бере алады. Бұл Қазақстан-Италия экономикалық байланыстарының дамуына жаңа серпін береді», - деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Құжат шеңберінде Банк пен SACE ағымдағы және әлеуетті жобалар мен іскерлік мүмкіндіктер туралы ақпарат алмасады, қазақстандық және итальяндық компаниялардың ынтымақтастығы жөніндегі бастамаларды қолдайды және олардың арасындағы байланыстарды дамытады, Италиядан Қазақстанға өнім экспорты үшін сақтандыру құралдарын ұсынады, сондай-ақ тәжірибе алмасатын болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79