• kz

Moody's ҚДБ рейтингтері бойынша болжамды «тұрақтыдан» «оңға» өзгертті

Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ эмитентінің Baa2 деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингтерін растады, бұл ретте болжам «тұрақтыдан» «оңға»өзгертілді.

Бұл Moody's-тің 2023 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының рейтингін Baa2 деңгейінде растау және оның болжамын «тұрақтыдан» «оңға» өзгерту шешіміне байланысты болды.

Сондай-ақ Банктің еншілес ұйымы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингтері Ba2 деңгейінен Ba1-ге дейін «оң» болжаммен өсті.

Айта кетейік, ҚДБ рейтингтері Қазақстан Республикасының егеменді рейтингтері деңгейінде: S&P агенттігі бойынша BBB- «тұрақты» болжамға және Fitch бойынша BBB «тұрақты» болжамға ие.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79