• kz

Қазақстанда өсімдік майы өндірісі өседі

«Қазақстанның Даму Банкі»  АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Абай облысында тазартылған өсімдік майын өндіру жобасын қолдайды. Несиелік желіні ашу туралы келісімге ҚДБ және «QAZAQ-ASTYQ GROUP» қол қойды.

Өндірістік қуатқа шығу 2027 жылға жоспарланған. Осы уақытқа дейін зауыт жылына 1 литр көлемінде 15,4 мың бөтелке және 5 литр көлемінде7,2 мың бөтелке күнбағыс майын шығарады. Ішкі нарықтан басқа, өнімдер экспортқа – Қытай мен Өзбекстанға жеткізілетін болады.

«Банктің бұл жобаны қолдауы сұранысқа ие өнімнің ішкі өндірісін ұлғайту және оның шетелден импортын төмендету арқылы Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, сонымен қатар өңделген өнімнің шетелдік өткізу нарықтарына экспортын ұлғайтуға көмектеседі. Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға инвестициялар – ҚДБ-ның негізгі басымдықтарының бірі», - деп түсіндірді Қазақстанның Даму Банкі Басқармасының төрағасы Нұрлан Байбазаров.

Айта кетейік, «QAZAQ-ASTYQ GROUP» май өндіру нарығында 2018 жылдан бері жұмыс істейді және 2021 жылы өз өнімдерін шетелге жеткізуді қолдау үшін ҚДБ-ға жүгінген болатын. Банктің экспорттық қаржыландыруының арқасында компания өнімді шығару үшін шикізатты сатып алып, кейін оны экспортқа жеткізді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі:

Телефон: 8 (7172) 79 26 08

Сайт: www.kdb.kz

E-mail: pressa@kdb.kz 
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79