«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Басқарма төрағасының орынбасары болып бұған дейін ҚДБ басқарушы директоры қызметін аналитика бағыты бойынша атқарған Бақытжан Байділдаұлы Омаров тағайындалды. Тағайындау туралы шешімді банктің директорлар кеңесі 2023 жылдың 3 мамырында қабылдады.
Бақытжан Омаров жаңа қызметте тәуекел-менеджмент және бизнес-процестер бағытына жетекшілік етеді.
Бақытжан Омаров 1977 жылы 28 сәуірде дүниеге келген, Алматы Экономика және статистика институтын «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген, қаржы секторында 20 жылдық тәжірибесі бар, оның ішінде Қазақстанның Даму Банкінде – 15 жыл. ҚДБ-дағы еңбек жолын 2008 жылы бас тәуекел-менеджер ретінде бастады, кредиттік блокта 7 жылдан астам жұмыс істеді, 2019 жылдың сәуірінен бастап басқарушы директор қызметіне тағайындалды.
Анықтама үшін:
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі:
Телефон: 8 (7172) 79 26 08
Сайт: www.kdb.kz
E-mail: pressa@kdb.kz