Банктің Директорлар кеңесі Тәжікстан мен Өзбекстанға өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспортын ынталандыруға бағытталған экспорттық сауданы қаржыландыру бойынша екі мәмілені мақұлдады.
Бұл операциялар «Qazaq Astyq Group» ЖШС, «Сей-Нар» ӨК» ЖШС және басқалары сияқты тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырысында 2022 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2019-2023 жылдарға арналған Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіту және банктің еншілес ұйымы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасын тағайындау мәселелері қаралды. Шешіммен ӨДҚ-ның қазіргі басшысы Нұрлан Серікұлы Байбазаров қайта сайланды.