Металлургия - Қазақстан экономикасының алдыңғы қатарлы өнеркәсіп саласы!
Қазақстандық металлургтердің ісіне адалдығы мен кәсіби шеберлігінің арқасындаметаллургия саласы табысты дамып келеді және біздің еліміздің экономикалық өсуі мен әл-ауқатының сенімді іргетасына айналған.
Аты мен жоғары сапалы өнімдері әлемдік индустриялық аренада танылған «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС, «YDD Corporation» ЖШС, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «QazCarbon» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазцинк» ЖШС, «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ сынды еліміздің ірі металлургиялық компанияларына сенімді әрі тиімді серіктес болу -
жоғары құрмет пен жауапкершілік.
Ауыр жұмыстың жүгін арқалаған металлургтерге мықты денсаулық, бақыт, толағай табыс пен қаржылық тұрақтылық тілейміз!