• kz

Душанбеде ШЫҰ БАБ сарапшылары мен үйлестірушілерінің кездесуі өтті

МБО ШОС Душанбе

Қазақстандық даму институтының атынан халықаралық іс-шараға Басқарушы директор Ботагөз Әбішева мен Қорландыру және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Адина Берікқызы қатысты.

Іс-шара аясында ШЫҰ диалогы бойынша бақылаушы мемлекеттер мен серіктестердің қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейту, ұйым кеңістігінде және Азия өңірінде жұмыс істейтін халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл, инвестициялық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және кадрлар даярлау, кеңестің кезекті отырысының мерзімдері мен күн тәртібін келісу мәселелері талқыланды.

Тараптар жауапкершілікпен қаржыландыру мен ШЫҰ елдерінің экономикаларына «жасыл» технологиялар енгізуді және т.б. қамтитын банкаралық бірлестіктің 2022-2026 жылдарға арналған Жаңартылған стратегиясын жеке талқылады.

«Қазақстанның Даму Банкі өзінің кредиторлық қорын әртараптандыру мақсатында ШЫҰ БАБ қатысушы мемлекеттердің қазіргі және жаңа серіктестерімен ынтымақтастықты кеңейтуге тырысуда. ШЫҰ Банкаралық бірлестігі аясындағы даму банктерінің өзара іс-қимылы, сондай-ақ екіжақты деңгейдегі жұмыс өңірдің интеграциясына және үдемелі дамуына ықпал етеді, сондай-ақ ынтымақтастықтың қазіргі тетіктері өзара тиімді жұмысты одан әрі жандандыру үшін жақсы алаң болып табылатынына сенімдіміз», - деп бөлісті Басқарушы директор Ботагөз Әбішева.

Бота.jpg

ШЫҰ БАБ 2005 жылғы 26 қазанда ұйым мемлекеттерінің экономикалық кеңістігінде инвестициялық жобаларды қаржылық қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету тетігі ретінде құрылғанын естеріңізге саламыз.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79