• kz

ҚДБ 20 жыл ішінде Қазақстан экономикасын әртараптандырудың басты институтына айналды

Қазақстан бұл тұзаққа 2011-2014 жылдар кезеңінде түсті, ол кезде жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі $8-14 мың диапазонында (номиналы бойынша) тоқтап, тұрақты өсуі тежелді. Мәселен, 2016 жылдың қорытындылары бойынша, 2015 жылғы тамыздағы девальвациядан кейін Қазақстанның жан басына шаққандағы ЖІӨ төрт жыл бұрын екі есе дерлік баяулағанына қарамастан, екі есе ($7,1 мың) қысқарды. «Курсив» іскерлік порталы осы жағдайдан шығу үшін не істеу керектігін және бұл үдерісте Қазақстанның Даму Банкі қандай рөл атқаратынын анықтады. 

Не істеу керек

«Орташа табыс тұзағын» еңсеру бойынша құралдар жиынтығына өзгелерден басқа, экспортқа бағдарланған өндірістерді құрумен дамудың жаңа драйверлерін іздеу және экономиканы әртараптандыру жатады.

Көптеген дамушы елдердің тәжірибесінде ұлттық экономиканы әртараптандыру – бұл бір жағынан, реттеушілік тетіктерді жетілдіру және заңнама мен құқық қолдану практикалары арқылы болжамды реттеушілік ортаны қалыптастыру, ал екінші жағынан – басым секторлардағы жеке жобалар үшін қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру арқылы тікелей мемлекеттің қатысуы. Қазақстан үшін мұндай секторлар – тек жоғары технологиялық микроэлектроника мен ЖЭК қана емес, шикізаттың екінші және үшінші қайта бөлінуін қамтамасыз ететін салалар – металлургия, химия және мұнай химиясы, тамақ өнеркәсібі.

2021 жылғы мамырда Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ) экономиканы әртараптандыру міндеттерін шешіп келе жатқанына 20 жыл толады.

ҚДБ. Бастапқы кезең

Первое здание БРК

«Қазақстанның Даму Банкі туралы» Заң 2001 жылғы 25 сәуірде шықты, бірақ банк 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы іске қосылғаннан кейін ғана республиканың қаржы секторының белсенді ойыншысына айналды.

Құжатта ҚДБ айтылмағанмен, мемлекеттік «Қазына» тұрақты даму қорының құрамындағы жаңа даму институтына басым секторлардағы өнімділік пен экспорт көлемінің өсуін қамтамасыз ететін ірі индустриялық жобалар – корпоративтік көшбасшыларды қолдау міндеті жүктелді. ҚР Үкіметі бұндай жобаларға дәстүрлі түрде өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымды (телекоммуникация мен байланысты қоса алғанда) жатқызады.

Жаңартылған индустрияландыру бағдарламасында (2010-2014 жылдарға арналған ҮИИДМБ) ҚДБ-ға қаржыландыру көлемі 520 млрд теңге болатын инвестор рөлі берілді. Индустрияландырудың келесі бесжылдығының бағдарламасы (2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ) Банктің «экспорттық әлеуеті жоғары ірі жобалардың, сондай-ақ қайта өңделген тауарлардың экспорттық операцияларын кредиттеудің» кредиторы ретіндегі рөлін айқындады.

Соңғы 20 жылда мемлекеттің индустриялық саясатының екпіні бірнеше рет өзгерді, бірақ шикізаттық емес сектордағы ірі жобаларды қолдаудағы ҚДБ-ның орталық рөлі өзгеріссіз қалды. Кезекті индустриаландыру бағдарламасында (2020-2025 жылдарға арналған ИИДМБ) ҚДБ-ға жоба сомасының кемінде 20%-ын кәсіпорынның өз қатысуымен, 20 жылға дейінгі мерзіммен бюджет қаражатын және коммерциялық қаражатты микширлеу жолымен ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржы институтының функциясы берілген.

Өнімділіктің деңгейі мен экспорт көлемі жобаның тиімділігін айқындау кезінде ҚДБ менеджменті назарға алатын негізгі көрсеткіштердің біріне айналғаны кездейсоқ емес. Бұл индикаторлар Қазақстанның индустрияландыру бағдарламаларында көрініс тапқан.

ҚДБ және индустрияландыру

Қазақстанның Даму Банкі соңғы 20 жылда экономиканың шикізаттық емес секторларындағы жобаларға төрт арна бойынша қолдау көрсетті: 

· инвестициялық жобаларды кредиттеу;

· экспорттық операцияларды қаржыландыру;

· мемлекеттік бағдарламаларды (мысалы, автокредиттеу бағдарламасын) жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банктерге кредит беру;

· қаржы лизингін беру (Өнеркәсіпті дамыту қоры, бұрынғы «ҚДБ-Лизинг» еншілес құрылымы арқылы).

Қазақстанның Даму Банкі құрылған сәттен бастап жалпы құны 9,8 трлн теңге болатын 149 инвестициялық жобаны мақұлдады және қаржыландырылды, ҚДБ – ның қатысуы – 4,7 трлн теңгені құрады, сондай-ақ құны 0,8 трлн теңге 106 экспорттық операцияға қолдау көрсетті, банктің қатысуы - 0,52 трлн теңге. Негізі қаланған кезден бастап қаржыландырылған жобалар мен инвестициялық бағдарламалардың жалпы көлемі 3 669,6 млрд теңгені құрады.

Бұдан басқа, даму институтының қаржылық қолдауымен жалпы құны 7,2 трлн теңге 121 инвестициялық жобаның өндірістік қуаты іске қосылды, ҚДБ – ның қатысуы-3,2 трлн теңге. Пайдалануға берілген кәсіпорындарда 30,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды.

ҚДБ-ның кредит беру саласындағы белсенділігін, банк клиенттеріне тікелей қарыздар көлемінің ҚДБ мақсаттары тұрғысынан бас сектор – өңдеу өнеркәсібінің ЕДБ портфелінен тұрақты асып түсетіндігі айғақтайды.

Жағдай ҚР экономикасындағы бұрмалаушылықтарды көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, ҚДБ – шикізаттық емес ірі жобаларды қаржыландыратын банк. Қазақстандық екінші деңгейдегі банктер көбінесе ірі және ұзақ мерзімді өнеркәсіптік жобаларды іске асыру үшін жеткілікті қаражатты жинақтай алмайтындығы келелі мәселе.

Экономиканың шикізаттық емес салалары кәсіпорындарының ЕДБ алдындағы ұзақ мерзімді берешегімен салыстырғандағы ҚДБ кредиттік портфелі, млрд теңге

1.png

Дереккөз: ҚДБ

2020 жылдың қорытындысы бойынша тікелей кредиттеу аясында Даму Банкінің кредиттік портфелінің көлемі 1 845,9 млрд теңгені немесе ҚР ҰБ деректеріне сәйкес экономиканың шикізаттық емес салаларын ұзақ мерзімді кредиттеуге бағытталған ЕДБ кредиттері бойынша нақты берешектің жалпы көлемімен салыстырғанда 103,3%-ды құрады.

Өз кезегінде, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын ұзақ мерзімді кредиттеуде ҚДБ жоғары үлесі байқалады - 1 363,5 млрд теңге немесе өңдеуші сала кәсіпорындарының ЕДБ алдындағы ұзақ мерзімді берешегінің көлемімен салыстырғанда 156,0%.

Екінші мәселе – қаражаттың құны. Бюджеттен қорландырылатын немесе нарықтан және халықаралық қаржы институттарынан ақша тартатын ҚДБ қарыз алушы үшін неғұрлым төмен түпкілікті мөлшерлемелерді қамтамасыз ете алады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Даму Банкі мемлекеттік қаражаттың әрбір 1 теңгесіне нарықтық қарыз алудың 3,35 теңгесін тартты.

ҚДБ ресурстары мен бейіні, сондай-ақ сынақтар мен қателіктердің ұзақ жолы даму институтына ұлттық деңгейде шикізаттық емес жобаларды іске асыру саласында ҚР өлшемдері бойынша бірегей құзыреттерді шоғырландыруға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, 2020 жылдың соңына қарай ҚР шикізаттық емес экономикасын қолдауға байланысты ҚДБ активтерінің жиынтық көлемі 1,97 трлн теңгені немесе ЖІӨ-ге шамамен 2,8% құрады. Соңғы 10 жылда ҚДБ қоржынының орташа өсу қарқыны – 21,8% (CAGR).

Қолдау тапқан жобалардың құрылымы ҚДБ-ның индустрияландырудың басты қаржы институты ретіндегі міндеттерін көрсетеді: кредиттердің жиынтық көлемінің шамамен 64% өңдеуші өнеркәсіп салалары, оның ішінде металлургия, химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісіне берілді.

2.pngДереккөз: ҚДБ 01.04.2021 ж. деректері бойынша

ҚДБ-ның өңдеу өнеркәсібіне ықпалы соңғы 10 жылда айтарлықтай өсті. Банктің қатысуымен қазақстандық индустрияландырудың барлық негізгі ірі жобалары іске асырылды: Қазақстандық электролиз зауытының құрылысы (жобаның құны – $1,0 млрд, қаржыландырудағы ҚДБ үлесі – 39%), Ақтөбе рельс-арқалық зауыты (құны – $284 млн; ҚДБ үлесі (теңгемен мөлшерленген) – 75%), YDD Corporation ферросилиций өндіру зауыты (құны - 37 млрд теңге; ҚДБ үлесі-66%), Hyundai маркалы автомобильдер өндіру зауыты (құны-32 млрд теңге; ҚДБ үлесі – 53%), "Проммашкомплект" ЖШС теміржол дөңгелектерін өндіру кешені (құны – 54 млрд теңге; ҚДБ үлесі - 67%), Атырау мұнай өңдеу зауытындағы хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені (құны – 1,13 млрд АҚШ доллары; ҚДБ үлесі – 94,1%) және Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу кешені (құны – 2,1 млрд АҚШ доллары; ҚДБ үлесі – 22%), Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру (құны – 1,9 млрд; ҚДБ үлесі-49%), Павлодар мұнай – химия зауытын жаңғырту (құны – 235,7 млрд теңге; ҚДБ үлесі-29,4%).

Саркулов Абай.jpg

«Банк бірегей мәмілелерді ұйымдастырды, – деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов. - Бұл KAZ Minerals, «Қазхром» ТҰК, Қазақстан электролиз зауыты, Жәйрем КБК, QazCarbon жобалары, YDD Corporation ферросилиций шығаратын зауыт - әлемдік нарыққа бағытталған бұл жобалар салыстырмалы түрде төмен капитал мен операциялық шығындар есебінен жоғары бәсекеге қабілеттілікке ие».

Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесі бастапқы алюминий экспортының 28%-ға, феррохромның – 11,2%-ға, ферросилицийдің – 25 есеге (2020 жылдың 2010 жылға қатынасында) өсуі болды.

4.jpg

Мұнай химиясында ҚДБ Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын, сондай-ақ «Конденсат» МӨЗ-ін жаңғыртуды және «Шымкент химия компаниясы» ЖШС метил-трет-бутил эфирін өндіру зауытының құрылысын қаржыландырды. ҚДБ – ның қатысуымен осы кәсіпорындарда жүзеге асырылған барлық жобалардың жалпы құны 2,5 трлн теңгені (теңгеде мөлшерленген) құрады, ҚДБ-ның қатысу үлесі-47%.

«Біз үш мұнай өңдеу зауытына қаржыландыру ұсындық, бүгінгі күні оларды жаңғыртуды толығымен аяқтадық, соның нәтижесінде ішкі нарықтағы тапшылық проблемасы шешіліп, халық пен бизнестің қажеттіліктері қазақстандық жоғары октанды бензинмен толық қамтамасыз етілді, отын экспорттау мүмкіндігі пайда болды», – деп қорытындылады Абай Сарқұлов.

ҚДБ қолдау периметріне АӨК-тің ірі жобалар да кіреді. «ҚР Үкіметі әлеуметтік маңызы бар өнімдерге ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру міндетін қойып отыр және құс еті де осы себетке кіреді. Біз осы тапшылықты жабуды мақсат еттік. Макинск құс фабрикасының өндіріске енгізілген екі кезегінің қуаты (жобаның құны – 52 млрд теңге, ҚДБ үлесі – 58%) нарықтағы тұтынуды 22%–ға жабады және біз 2022 жылы Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде осындай кезекті жобаны бастауды жоспарлап отырмыз», - деп айқындады ҚДБ Басқарма төрағасы.

ҚДБ қызметі барысында құрылысы жаңадан салынатын – гринфилдтарға белсене қатысты: қаржыландырудың жиынтық құны бойынша қолдау көрсетілген жобалар құрылымында ҚДБ кредиттерінің шамамен 29% жаңа greenfield-жобалар салуға, 67% –өндірістерді жаңғыртуға және 4% - айналым қаражатын толықтыруға бағытталды.

Дереккөз: ҚДБ 01.04.2021 ж. деректері бойынша

Экспортқа бағдарланған өндірістерге назар аудару ҚДБ-ның ішкі нарыққа бағдарланған жобаларды қаржыландыруына кедергі келтірмеді. Мәселен, 2020 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанда ҚДБ қолдаған жобалық қуаттарда 3,3 трлн теңге (немесе ЖІӨ-ге 4,7%) сомасына өнім өндірілді және сатылды, өнімді шетелге 2 трлн теңгеге (немесе ЖІӨ-ге 2,8%) экспорттау ынталандырылды.

5.png

Дереккөз: ҚДБ, 2020 жылы қызмет көрсетуде болған қолданыстағы жобалар бойынша

Ресми түрде, экспортқа бағдарланған жобалардың қатарына әуежайлар мен туристік жобаларға кредиттерді де жатқызуға болады: келушілер туризмі – бұл қызметтер экспорты, ал әуежайлар, қонақ үйлер мен туристік объектілер – оның сапасын айқындайтын туристік инфрақұрылым элементтері.

6.png

Нарыққа жақын болу

IMG_1606-4.jpg

ҚДБ келешегі мемлекеттің индустрияландыру саясатына байланысты. Банктің 2023 жылға дейінгі қолданыстағы стратегиясы бойынша ол өңдеуші өндірістер мен өнеркәсіптік инфрақұрылым құруға салынатын инвестицияларды (10 жылғы кезеңде 4,4 трлн теңгеге дейін) ұлғайтуға, портфельдің, қарыз алудың мемлекеттік емес көздерінің жоғары сапасын және қарыз алушылар құрылымындағы жеке компаниялардың үлесін сақтауы тиіс.

ҚДБ қарыздарының басым көпшілігін ашық нарықта жұмыс істейтін жеке компанияларға берді. Жеке сектор – кәсіпорындармен және екінші деңгейдегі банктермен неғұрлым белсенді өзара іс-қимыл кезеңі басталуда. Бұл ретте ҚДБ-ның артып келе жатқан белсенділігі нарықтық бұрмалауларға ұшыратпауы тиіс.

Сергей Домнин

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79