• kz

Ең жақсы тәуекелдік — бұл өзіңіз басқара алатын тәуекелдік

IMGL9812.jpg

ҚДБ Екінші деңгейдегі банктер мен басқа да қаржы институттары қарастырмайтын капиталды көп қажет ететін және күрделі жобаларды қаржыландырады, ҚДБ кредиттік тәуекелдіктермен қалай жұмыс істейді?

Егер тәуекелдіктерді басқару процесі туралы айтатын болсақ – кез келген, тек кредиттік қана емес, өздеріңіз білетіндей, ол 4 кезеңнен: сәйкестендіру, бағалау, бақылау және мониторингтен тұрады. Кредиттік тәуекелдікпен жұмыс істеу бөлігінің де тәуекелдіктің классикалық ұғымынан еш айырмашылығы жоқ.

ҚДБ-дағы процестің ЕДБ-дан негізгі және базалық айырмашылығы, мысалы, жеке тұлғаларды кредиттеудегідей немесе ШОБ-ты кредиттеудегідей сияқты кредиттік тәуекелдікті портфельдік деңгейде басқару іс жүзінде мүмкін емес, өйткені жобалардың барлығы дерлік барлық параметрлері бойынша ерекшеленеді, олардың арасында қайсыбір макроэкономикалық факторлармен қандай да бір заңды статистикалық корреляция жоқ. Тиісінше, ҚДБ кредиттік портфелінің шеңберінде кредиттік тәуекелдікті басқарудағы фокус кредиттік тәуекелдікті басқарудың барлық, тіпті классикалық қағидаттарын, бірақ әрбір жоба, әрбір жеке контрагент шеңберінде сақтауға бағытталған.

Егер кредиттік тәуекелдікті сәйкестендіру және бағалау кезеңдері туралы айтатын болсақ, онда осы процесте мен, ҚДБ-ның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті үш негізгі «китті» атап өтер едім, олар: сарапшылардың біліктілігі, әдіснаманың сапасы және нақты процедуралардың болуы. Жобалық талдаудағы тәжірибе мен процедуралар тұрғысынан ҚДБ-ны флагман деп атауға болады, өйткені қазіргі уақытта ол құзыреттіліктің жоғары деңгейіне және нақты регламентке ие.

Кредиттік тәуекелдікті бақылау және мониторинг жүргізу үздік халықаралық тәжірибелерге негізделген қажетті процедуралардың – лимиттерді бақылау және мониторинг жүргізудің, тәуекелдік-тәбетті белгілеу және сақтаудың, уәкілетті органдардың функциялары мен жауапкершілігін нақты бекітудің, кредиттік процестің барлық кезеңдерінде пост-бақылауды қамтамасыз етудің болуымен қамтамасыз етіледі. Және де әрбір жоба бойынша кредиттік тәуекелдіктің объективті мониторингі – тұрақты көшпелі кешенді және тоқсандық мониторингтердің регламенттелген процедуралары, қарыздарды мақсатсыз пайдалану тәуекелдіктерін болдырмайтын тетіктердің болуы, клиенттердің қандай да бір проблемаларын ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік беретін ерте хабарлау жүйесін құру.

Covid-19 пандемиясына байланысты капитал нарықтарының қолжетімділіктері төмендеді, бұл ретте қаржы саласы үшін жаңа тәуекелдіктер пайда болуда. Сіздің ойыңызша, ағымдағы және одан кейінгі жылдары Қазақстан сияқты өтпелі нарықтарға инвестициялар жасала ма?

Әдетте инвестициялық стратегия әртараптандыруды болжайды, бұл дамушы елдерге тәуекелдік-тәбетінің болуын болжайды. Бұл тәуекелдіктердің, соның ішінде пандемияға байланысты артуымен, тәуекелдік- тәбетінің тұрақты деңгейінде инвестициялар көлемі төмендеуі мүмкін дегенді білдіреді. Екінші жағынан, Қазақстанға инвестициялай алатын елдердің экономикаларын ынталандыру әдістері, соның ішінде экономикадағы ақша массасының едәуір ұлғаюын болжайды, бұл тиісінше дамушы елдерге тәуекелдік-тәбеттерін оны ұлғайту жағына қарай қайта қарауға және кейіннен инвестициялардан үлкен кіріс алуға әкелуі мүмкін.

Нәтижесінде, сұраққа біржақты жауап беру қиын, өйткені жауап плюс белгісімен де, минус белгісімен де бірнеше факторлары бар жағдайды модельдеумен байланысты.

ҚДБ өзінің 19 жылдық қызметінде 2008 және 2013 жылдардағы дағдарыстарды өткеріп, тәуекелдіктерді басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырғаны мәлім, енді ҚДБ коронавирустық инфекцияға байланысты жаңа шынайылық пен салдарға қалай бейімделмек?

ҚДБ тәуекелдіктерді басқару жүйесі үнемі жетілдіріліп отырады, бұл кез келген сыртқы сын-қатерлерге барабар жауап шараларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазір ҚДБ тәуекелдіктерді басқару жүйесін интеграциялау және стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұған дейін 1 жылға дейінгі аралықта стресс-тестілеу және болжамдау негізінде тәуекелдіктерді басқаруға көшу міндеті іске асырылған болатын. ҚДБ-ның стратегиялық мақсаттары неғұрлым ұзақ мерзімді сипатқа ие болуына байланысты, неғұрлым ұзақ мерзімді ақпаратқа негізделген тәуекелдіктерді басқаруға біртіндеп өтіп жатқанымызды айтуға болады.

Тәуекелдіктерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі үшін тәуекелдік-мәдениеті деңгейінің үнемі жоғарылауы да үлкен маңызға ие. Бұл бағытта қызметкерлер үшін оқыту материалын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, Банктің барлық қызметкерлері мен уәкілетті органдары арасындағы тәуекелдіктер бөлігінде ақпараттық ағынды арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құру да маңызды бағыт болып табылады. Осы бағыт шеңберінде қазіргі уақытта ҚДБ-ның бақылау ортасының тиімділігін арттыру жоспарында өсудің жекелеген нүктелерін көруге мүмкіндік беретін бірқатар бастамалар іске асырылуда.

Осының барлығы кешенді түрде Банкке сыртқы ортаның тәуекелдіктерін уақтылы анықтауға және бағалауға, тиісінше өз мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін барабар және тиімді жауап шараларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

9-ХҚЕС стандарттарын енгізгеннен кейін Банктің жұмысы қаншалықты өзгерді?

Қаржы активтерінің құнсыздануы тақырыбы қаржы дағдарысы кезеңінде ерекше өзектілікке ие болды. 2008 жылғы қаржы дағдарысы қаржы активтерін халықаралық есепке алудың жаңа жүйесін әзірлеуге өз үлесін қосты – қаржылық есептіліктің жаңа халықаралық стандарты (9-ХҚЕС) әзірленді. 39-ХҚЕС-тің әлсіз жақтарын ескере отырып, жаңа стандарт қаржы активтері бойынша құнсыздануды тану тәсілін түбегейлі өзгертті.

Жаңа тәсіл шығындар емес, күтілетін модель ұсынады. Ол сондай-ақ компаниялардан қаржы активтерін бастапқы тану кезінде бірден шығындарды мойындауды және құрылған резервті тұрақты негізде қайта қарауды талап етеді. Резервті қайта бағалау кезінде теріс жағдайлар ғана емес, сонымен қатар ағымдағы және болашақ жағдайлар да ескеріледі.

Осылайша, 9-ХҚЕС енгізілгеннен кейін стандартты пайдалану кезінде болжамды шығындарды барабар бағалау өте маңызды, болжамды ақпарат және жекелеген қаржы құралдары үшін тәуекелдіктерді талдау бірінші орынға шығады деген қорытынды жасалды. Басқаша айтқанда, 9-ХҚЕС – бұл нақты тұжырымдалған нұсқамалардың (нұсқаулардың) қатаң жиынтығы емес, бұл ҚДБ тәуекелдік менеджерлері мен аналитиктері стандарт шеңберіне бағдарлана отырып, өз қалауы бойынша түсіндіретін қағидаттар. Осыған орай, таңдау еркіндігінің артуы жауапкершіліктің өсуін білдіретіні ақылға қонымды, бұл өз кезегінде тәуекелдіктерді басқаруға әсер етеді және олар контрагенттер қызметінің ықтимал нашарлау критерийлерін уақтылы анықтау үшін бірінші орынға шығады.

Жаңа тәсілдің маңыздылығы мен жауапкершілігін түсіне отырып, ҚДБ өз процестеріне бірқатар бақылау процедураларын енгізді, олар ҚДБ уәкілетті органдарына Банктің қаржылық жағдайына қайсыбір мәміленің қандай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, банктік сараптама процесі шеңберінде қаржыландыру құралының, оның ішінде қаржыландыру шарттары өзгерген кезде банктің қаржылық тұрақтылық көрсеткіштеріне ықтимал әсерін бағалау жүргізіледі.

Президент Қ.К.Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде ҚДБ-ны капиталдандыру және өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру қажеттігі туралы айтқан болатын. Осыған байланысты ҚДБ-ға көбірек өтінімдер түсуі мүмкін. ҚДБ өңдеуші өнеркәсіп бизнесі тарапынан өтінімдердің үлкен ағынына дайын ба?

Тәуекелдіктерді басқару тұрғысынан, өтінімдер ағынына дайындық мәселесінде негізгі міндет жобаларды сараптау және құрылымдау сапасын сақтау болып табылады. Құрылған жүйе өтінімдердің үлкен көлемін сапаны жоғалтпай қарауға мүмкіндік береді деп үміттенемін, бірақ бұл жерде, әрине, әлеуетті клиенттердің сапалы пысықталған құжаттар топтамасы бірінші орынға шығады. Клиенттер де сарапшы жауап алмаған сұрақтар, мысалы, егер клиент жобада нені және қалай іске асыратыны туралы әлі ойламаған болса, осы мәміле бойынша тәуекелдікті бағалауға әсер ететінін түсінуі керек, бұл өз кезегінде қаржыландырудан бас тартуға немесе ол үшін қаржыландыру шарттарын нашарлатуға әкелуі мүмкін, өйткені кредиторлар тәуекелдік-маржасын кредиттеу мөлшерлемесіне салады.

Инвестицияны қайтармау немесе кешіктіріп қайтару тәуекелдігі туралы мәселе өте маңызды ма? ҚДБ жобаның ерте кезеңінде оның табыстылығын қалай анықтайды, өйткені барлық тәуекелдіктерді алдын ала 100% тану қиын емес пе?

Егер жобаларды қараудың және көрінеу проблемалы жобаны «іріктеу» бойынша ҚДБ үшін стандартты және міндетті болған құралдар туралы айтатын болсақ – онда бұл банктік сараптаманы үш кезеңді жүргізу, техникалық бөлігі бойынша, маркетингтік пысықтау бойынша консультанттар институтын пайдалану, бизнес-жоспарға қойылатын стандартталған талаптар, Банк сараптамасының әрбір кезеңі үшін банк ішінде нақты процедуралар мен міндеттерді бөлу және Банк сараптамасының әрбір қатысушысында жан-жақты әдіснаманың болуы. Бұл құралдардың барлығы өндірістік инфрақұрылым мен өңдеу өнеркәсібі саласындағы ұзақ мерзімді және капиталды қажет ететін жобаларды қаржыландыруда мемлекеттің негізгі операторы ретінде ҚДБ-ның 20 жылға жуық эволюциясының нәтижесі болып табылады. Әрине, жобаларды талдау және кредиттік тәуекелдікті бағалау кезінде Банк қолданатын құралдардың көпшілігі халықаралық тәжірибеден алынған (атап айтқанда – S&P ' s) және банктік қадағалау бойынша Базель комитетінің қағидаттарына негізделген.

Әлемдік және жергілікті экономиканың үнемі өзгеріп отыруына байланысты және көп жағдайда алдын ала болжанбауынан және циклдан алыс болуынан, барлық осы құралдар мен процедуралар үнемі жетілдіріліп отырады, қазіргі шынайылыққа, жаңа халықаралық тәжірибеге және сыртқы ортадағы тұрақты өзгерістерге негізделген. Бұл үздіксіз процесс, онда орындаушылардың өздері де, басшылық та әрдайым жетілдіруге бағытталған.

Негізінен біз, өтелу мерзімдері, жеткілікті өтімді кепілдікті қамтамасыз етудің болмауы тұрғысынан, яғни кредиторлар үшін олардың табыстылығы тұрғысынан да екінші деңгейдегі банктер үшін «жеңіл емес» және тиімді емес жобаларды қаржыландыратындықтан, бұл жерде ҚДБ миссиясы, қаржыландыру кезінде ең аз дегенде – өз қызметінің залалсыздығын қамтамасыз етуі тиіс көбірек активтің проблемалы болады деген тәуекелдігін барынша азайтуды қамтамасыз ету болып табылады. Біздің жобаларымыздың көпшілігін нақты кепілмен қарыздың тек 30% қамтамасыз етілген, ал қалған бөлігі жоба шеңберінде құрылатын актив түрінде ұсынылған жобалық қаржыландыруға жатқызуға болады. Бізде жобалық және кредиттік тәуекелдікті басқарудың жинақталған құралдары бар, оларды біз сәтті енгіздік және инвестициялық кредиттеу кезінде пайдаланамыз. Бұл құралдардың көпшілігі елдегі банк тәжірибесінде алғаш рет қолданылды. Жалпы, ҚДБ-ға жиі «алғаш жол салушы» болуға тура келеді, менің ойымша, бұл даму институты ретіндегі мәртебесіне сай әрекет. ҚДБ-нің міндеті проблемалық жобаны «іріктеу» ғана емес, жобаның проблемалы болу тәуекелдігін азайту деп айту дұрысырақ. Бұл жерде инвестициялық жоба түсінігінен бастаған жөн. Түпкі нәтижесінде инвестициялық жоба – бұл жоба қатысушылары және әр қатысушының кезеңдері, тапсырмалары, міндеттері мен жауапкершілігі дұрыс көрсетілген келісімшарттар құрылымы.

Сондықтан банктік сараптама процесі жай бағалау мен талдау ғана емес, кең ұғымға ие және ең маңызды кезеңді – мәмілені құрылымдауды қамтиды. Сонымен қатар, банктік сараптамадағы негізгі жұмыс бастамашымен кредит шарттарын пысықтау ғана емес, бүкіл жобаны құрылымдау және жобалық тәуекелді азайту болып табылады. 20 жылдық кезең ішінде Банк өзінің тәжірибесі мен халықаралық практиканы пайдалана отырып, ұзақ өтелу мерзімі бар «ұзақ» жобаларды құрылымдау бойынша құзыретін үнемі дамытып, жетілдіріп отырады. Өз мәні бойынша ҚДБ-дағы банктік сараптама – бұл жобалық команданың жұмысы, онда Банк тарапынан қатысушылар әлеуетті клиент үшін тәуекелдіктерді барынша азайтуға және құрылымды үздік халықаралық практикаға жеткізуге ұмтыла отырып, өнім берушілермен және мердігерлермен келісімшарттарды құрылымдауға тартылады, инфрақұрылымдық қатысуы маңызды болатын жергілікті атқарушы органдармен, өзге де кредиторлармен өзара іс-әрекет жасайды. Жобалар шеңберінде әлеуетті клиенттер өздерінің негізгі контрагенттерімен жасасатын келісімшарттарға қойылатын стандартталған талаптар (құрылысқа арналған шарттар, өнімді сатуға арналған шарттар) FIDIC қағидаттарына негізделген, құрылыстың барысына сыртқы қаржылық-техникалық бақылаудың міндетті құралы болып табылатын жобаларды белгілі бір «межелерден» және кезеңдерден өтуіне қарай кезең-кезеңімен қаржыландыру, Банкпен жобалық келісімдерде акционерлердің жауапкершілігін заңды бекіту, басқа да қаржыландырушы Тараптармен кредиттераралық келісімдер қолданылады, екінші деңгейдегі банктермен инвестициялық фазада да, операциялық фазада да агенттік келісімдер жасасу жолымен қаражаттың жұмсалуын бақылау.

Осы бағытта қандай әдістемелерді қолданасыз? Жобалардың барлығында бірдей, әсіресе қазір, қолайлы қамтамасыз ету қарастырылмаған. Жобалардың сапасы мен олардың қамтамасыз етілуін қалай қарастырасыз?

Жалпы, жобаның кредиттік тәуекелдігін бағалау үшін Банк S&P's әдістемесін пайдаланады. Мен бұрын атап өткендей, ҚДБ-ның басты ерекшеліктерінің бірі Банктің, инвестициялық жоба шеңберінде құрылатын және кепілдіктің бүкіл массасының 70% құрайтын акивтерді қамтамасыз ету ретінде қабылдауы болып табылады. Бұл ретте, шеңберінде объект құрылатын келісімшарттарды ЕРС (Engineering, procurement and construction) талаптарында, яғни толық аяқтау арқылы құрылымдау ұсынылады. Болашақта түсетін активтер жобалық қаржыландыру және МЖӘ жобалары, соның ішінде, инвестициялық шығындарды өтеу шеңберінде ақшалай қаражаттың кепілді түсімдері кезінде 100% дейінгі мөлшерді құрауы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ҚДБ жоба пысықталуының жақсы деңгейін қамтамасыз ету, жобаны дұрыс құрылымдау (жоба мен мәміленің құрылымы арқылы тәуекелдіктерді барынша азайтуға) және жобаларды жүзеге асыру барысында теріс факторлардың алдын алу бағытында көбірек жұмыс істейді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79