• kz

5 жыл ішінде ҚДБ экспорттаушыларды қолдауға «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 420 млрд теңге жіберді


Жобаларды қаржыландыру ҚР Ұлттық қорының қаражаты және ұлттық компаниялар мен даму институттарының өз ресурстары есебінен қамтамасыз етілді. Кредиттер және лизингтік қаржыландыру арқылы бизнесті қолдаумен «Бәйтерек» ҰБХ – «Даму» КДҚ және Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) айналысты. Егер «Даму» назарын шағын және орта бизнеске (ШОБ) аударса, ҚДБ шарттасқан және лизингтік қаржыландыру жобаларына, сондай-ақ ірі бизнесті экспорттық және экспорталды кредиттеуге күш салды. Экспортты қолдаудағы назар жоғары қосылған құны бар өнімге аударылды, өңделген өнімнің экспортына арналған жаңа перспективалық тауашалардағы жобалар басымдыққа ие болды.

Экспорттаушыларды қолдау – дамыған елдердің даму институттары қызметінің стандарттық түрі – ҚДБ үшін қызметтің жаңа түрі болды. Қолдауды жүзеге асыру жоспарланатын схемада кредиттеудің екі түрін – экспорттық және экспорталдылық, оның ішінде ҚР аумағында шығарылатын өнімдерді сатып алуға импорттаушының қаржы институттарына кредит беру арқылы кредиттеуді пайдалану болжанды.


Төменгі ставканы осы бағытқа жіберу жоспарланған ҚР Ұлттық қорының арзан ұзын ақшасы – 95 млрд теңгеден қамтамасыз етілуге тиіс болатын, соның 65 млрд (68%) теңгесі егемен қордан алынған қарыз болды. Қалған 30 млрд теңгені ҚДБ БЖЗҚ-дан нарықтық шарттармен тартты.

Қазақстанның Даму Банкі Басқармасының төрағасы Абай Сарқұловтың айтуына қарағанда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 5 жыл ішінде өңдеу өнеркәсібінің төрт саласында жұмыс істейтін қазақстандық 17 компания экспорттық қаржыландыру алды, олардың арасында «Кентау трансформаторлар зауыты» мен «Қайнар-АКБ» машина жасаушылары, «Баян сұлу» мен «Маслоделдің» тамақ өндірушілері, «Қазфосфат» пен «Қазазоттың» таңайтқыш өндірушілері, «Қазмырыштың» металлургтері және т.б. бар. Бағдарламаға қатысушылар өз өнімдерімен көршілес нарықтарға – Ресейге, Өзбекстанға, Түркменстанға, Тәжікстанға, Қырғызстанға, сондай-ақ Қытайға, АҚШ-қа және басқа да алыс шетелдерге шықты.


Экспортқа жөнелтілетін өнімдердің тізімінде Қазақстан өнеркәсібінің дәстүрлі өнімдері және индустрияландыру жобаларының арқасында шығарылатын индустриялық тауарлардың: слябтар, дайындамалар, құбырлар, сортты прокат (арматура), қаңылтыр, металды мырыш, қорғасын, мыс, құймалардағы күміс, глинозем, майлы және құрғақ күштік трансформаторлар, кіші станциялар, автомобиль аккумуляторлары, өсімдік майы, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдері, алкогольсыз сусындар, шәй, натрий цианиді, сары фосфор, натрий триполифосфаты, аммофос сияқты жаңа түрлері бар.

ҚДБ осы жылдың 1 желтоқсанында жаңартылатын кредиттік желілер ескеріле отырып, экспортты дамыту үшін қазақстандық компанияларды экспорттық қаржыландыруға ҚДБ 420 млрд теңге жібергенін хабарлады. Банк қарыз алушылар алған экспорттық түсім, оның ішінде ҚДБ қаржыландырған экспорттық операциялар сомасы 552,5 млрд теңгені құрағанын көрсетті. Кәсіпорындар осы операциялардан ҚР бюджетіне 36 млрд теңге салық төледі. 2015 жылдан бастап осы кәсіпорындарда 19 мың жұмыс орындарының сақталғаны – маңызды факт.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79