• kz

ҚДБ МЖӘ жобаларына қалай қолдау көрсетеді?

2019120418130942552_64100e02-cd1a-4b6e-a811-9ea52573ae78.jpg

Жыл сайын 300 астам шетелдік және отандық қонақтарды жинайтын Қызылордадағы «Baikonyr Invest» ірі пікірталас алаңына биылғы жылы 14 елдің, атап айтқанда, Ресейдің, Иранның, Францияның, Германияның, Канаданың, Оңтүстік Кореяның және көптеген басқа да елдердің өкілдері жиналды. Форумға қатысушылар – бизнес-қоғамдастықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, инвестициялық компаниялардың басшылары, экономика саласындағы сарапшылар болды. Екінші секцияның тақырыбы – бүгінде үкімет тарапынан ерекше назар аударылып отырған мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту – форумға қатысушылардың үлкен қызығушылығын туғызды. Айталық, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың айтуы бойынша, МЖӘ механизмі – жеке меншік капиталдың инвестициялық белсенділігін ынталандырудың және мемлекет пен кәсіпкерлік құрылымдардың мүдделерін барынша тиімді үйлестіруді қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі.

Бұл бағытта ұлттық қаржы институты – Қазақстанның Даму Банкі зор жұмыс атқаруда, оның негізгі мақсаты мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру болып табылады. Қазірдің өзінде ҚДБ бизнес-процестерді және өтінімдерді қарау рәсімдерін мемлекет белгілеген МЖӘ жобаларын іске асыру тәртібіне бейімдеуде. ҚДБ басқарушы директоры Бақытжан Омаров өз сөзінде атап өткендей, түптің түбінде бұл Банк рәсімдерін неғұрлым қолайлы және заманауи етуге мүмкіндік береді.

ҚДБ біз көрсететін қызметтерді клиенттер мен әріптестер үшін қолайлы ету мақсатында процестерді оңтайландыруды мақсат етеді. Біз МЖӘ жобаларының құндылығын түсінеміз, өйткені олар мемлекет пен жеке меншік сектордың өзара пайдалы ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, экономиканы әртараптандыру үшін қажетті инфрақұрылымды жеделдетіп жаңғыртуға ықпал етеді. Мысалы, МЖӘ жобаларына қолдау көрсету мақсатында, біз қарыздың ең төменгі сомасы бойынша лимитті азайттық. Яғни, егер қазір инвестициялық қарызға белгіленген лимит 7 млрд теңгені құраса, онда МЖӘ жобалары үшін ол – 3 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте банктің сараптамасы шамамен 72 жұмыс күнін құрайды, ол да қарыз бойынша сыйақы ставкасын айқындайды»,

- деді ҚДБ басқарушы директоры Бақытжан Омаров.
Ағымдағы сәтте МЖӘ механизмін пайдалану өңірлік басқаруға да, сондай-ақ мемлекеттік басқаруға да жататын бағыттар бойынша қарастырылады, ол бағыттар: энергетика, автокөлік инфрақұрылымы, су шаруашылығының құрылыстары, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және тағы басқалар. Олардың барлығы ҚДБ қаржыландыру басымдықтарына сәйкес келеді. Оның үстіне, Даму Банкі соңғы екі жыл бойына жобалық қаржыландыру ұсынуды тәжірибесіне енгізді, ол дәл МЖӘ жобалары үшін қолданылады. Негізгі талаптар – бастамашының жоба құнының кемінде 30% мөлшерінде өзінің қатысуы және жобаларды іске асыру шеңберіндегі кепілдік берілген ақша ағыны.

Банк осы схема бойынша энергетика, ЖЭК объектілерінің құрылысы саласындағы 2 жобаны қаржыландырып та үлгірді. Ол қосымша кепілдік қамтамасыз етусіз іске асырылды. Бұл қаржыландыру моделін Банк МЖӘ жобаларына да қолдануы мүмкін»,

  - деп түйіндеді Бақытжан Омаров.
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79