• kz

ҚДБ өкілдері Almaty Invest Forum 2019 форумына қатысты

F57A3825.jpg

Алматының қазақстандық инвесторлар үшін ғана емес, халықаралық инвесторлар үшін де тартымды өңір болып табылатыны тарихи қалыптасты. Мәселен, ағымдағы жылғы қыркүйекте Fitch агенттігі Алматыға ВВВ кредиттік рейтингін берді, ол қаланы инвестициялар үшін тәуекелдің төмен деңгейі бар қала ретінде сипаттайды.

ҚДБ-ның кредит қоржынында қазір жалпы қаржыландыру сомасы 2 трлн 737 млн теңгені құрайтын 54 инвестициялық жоба мен 15 экспорттық операциялар бар. Қазіргі сәтте Банктің Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жобалары өңірде тікелей кредиттеудің өңірлік бөлінісіндегі кредиттік қоржын үлесінің 2,3%-ын алады. Атап айтқанда, сөз «Мойнақ ГЭС» АҚ, «ENEVERSE KUNKUAT» ЖШС-ның Қапшағай қаласындағы қуаты 100 МВт күн электр станциясы сияқты кәсіпорындар, «Қайнар-АКБ» ЖШС, «Масло-Дел» ЖШС және «RG Brands Kazakhstan» ЖШС экспорталды қаржыландыру туралы болып отыр. Осы өңірдегі 190 млрд теңге сұралатын сомасымен 9 инвестициялық жоба және 3 экспорттық операция Банктің қарауында жатыр.

«Егер Алматы облысы туралы айтатын болсақ, биылғы жылы біз Қапшағай қаласындағы қуаты 100 МВт КЭС құрылысы greenfield жобасын бастадық. Жаңартылатын энергия көздері – қазір соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстандағы барынша жедел даму үстіндегі инвестициялық салалардың бірі, сондықтан ҚДБ инвесторлармен бірге осындай жобаларға белсенді түрде қолдау көрсетеді. Аталған жобаны іске асыруға өзіміздің Eneverse Kunkuat жобалау компаниясы тұрғысында Universal Energy халықаралық компаниясы қатысты. ҚДБ қоржынында осындай жобалардың болуы «жасыл энергетика» саласындағы шетелдік инвесторлар үшін жағымды белгі болып табылады, өйткені Банк заңды түрде тұрақты, тәжірибелі және сенімді әріптес болып есептеледі», - деді ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары Сандуғаш Кенжебаева.

1. Кенжебаева С.jpg

Даму Банкінің жобаларды іске асырудың әртүрлі сатыларында – оның инвестициялық фазасынан бастап дайын өнімнің экспортына дейін бизнеске қаржылық және кредиттік өнімдерді ұсынатынын еске саламыз. Инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қарыздарды Банк 5 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге береді, бұл ретте инвестициялық фаза ішінде жеңілдікті кезең көзделген. Қарыздың ең төменгі сомасы 7 млрд теңге. Инвестициялырдың кемінде 20%-ын жобаның бастамашысы қамтамасыз етуге тиіс. Бұл «шек» қандай да бір ЕДБ өз бетімен қаржыландыра алмайтын, капиталды көп қажетсінетін жобалар бойынша ғана қаржыландыру бере отырып, ҚДБ-ның коммерциялық банктермен бәсекелеспеуі үшін көзделген. Даму Банкі ИИДМБ және «Нұрлы жол» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың негізгі операторы болып табылатынын атап өтуге болады.

Көрсетілетін қызметтердің неғұрлым толық тізімімен www.kdb.kz сайтынан танысуға болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79