• kz

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы институты болып табылады, оның қызметі төмендегілерге бағытталған жобаларды қаржыландыру арқылы отандық кәсіпорындарды қолдауға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған:

  • Жаңа жұмыс орындарын құру;
  • Экспортқа бағдарланған өнім өндірісін ұлғайту;
  • Ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту.

Қордың қызметтері ШОБ пен ірі бизнеске арналған. 

Өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобалар үшін қаржыландыруды ұсыну шарттары:

  • Қаржыландыру сомасы – 80 млн теңгеден 20 млрд теңгеге дейін (тоқыма өнеркәсібі үшін 50 млн теңгеден бастап);
  • Лизинг мерзімі – 3 жылдан 20 жылға дейін (тоқыма өнеркәсібі үшін 10 жылға дейін).

Бұдан басқа, Қор көлік және инфрақұрылым секторын дамытуға бағытталған өзінің басқа Бағдарламалары бойынша қаржыландырудың жеңілдікті шарттарын ұсынады.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметі туралы толық ақпаратпен www.idfrk.kz сайтынан танысуға болады.

DBK Capital Structure Fund B.V.

DBK Capital Structure Fund B.V. тікелей инвестициялар қорының құрылуына қатысу арқылы кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру қызметтерін ҚДБ/Өнеркәсіпті дамыту қоры жобаларының аясында капиталдағы үлесті сатып алу арқылы көрсетеді.

Бұл ретте негізгі жобаларды іріктеу критерийлері мыналар болып табылады, бірақ мұнымен шектелмейді:

  • Кепілзаттық қамсыздандыруы жеткіліксіз экономикалық тұрғыдан тартымды жобалар, бұл қарыз қаражатын қажетті көлемде тартуға мүмкіндік бермейді;
  • Салыну, пайдалануға енгізілу, жоспарланған қаржылық көрсеткіштерге шығу кезеңінің ұзақтығына байланысты ұзақ жеңілдікті кезеңдегі мұқтаждығы бар экономикалық тұрғыдан тартымды жобалар;
  • Борыштық жүктеме көрсеткіштерін жақсарту үшін мезонинді қаржыландыруда/жаңа акцияларды (немесе үлестерді) шығару арқылы қаржыландыруда мұқтаждығы бар экономикалық тұрғыдан тартымды жобалар.

Қаржыландыру шарттары:

  • Инвестициялардың минималды сомасы – 300 млн теңге;
  • Инвестициялардың максималды сомасы – 1,5 млрд теңге;
  • Инвестицияланатын компаниядағы сатып алынатын үлес осы компанияның ірі акционерінің үлесінен кем болуы тиіс және Инвестицияланатын компанияның жарғылық капиталынан 49% аспауы тиіс.
.