• kz


Отандық автоөндірушілерді қолдау

ҚР Ұлттық Қоры мен Республикалық бюджетінің қаражаты екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) келісілген қаржыландыру арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау үшін жеке тұлғаларға – қазақстандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға кредит беру үшін бөлінеді.

Қаржыландырудың жалпы лимиті – Ұлттық қор қаражатынан 26 млрд теңге, республикалық бюджет қаражатынан 16 млрд теңге және ҚР Ұлттық Банкі қаражатынан 40 млрд теңге. 

Екінші деңгейдегі банктерде бағдарлама шеңберінде қарыз беру үшін бос қаражат болған жағдайда, екінші деңгейдегі банктер Даму Банкіне жеке тұлғалардың мақұлданған өтінімдері жөнінде ақпарат жібереді. Даму Банкі ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде келіп түскен өтінімдерді бағдарламаның шарттарына (автомобильдің ең қымбат құны, кредит мерзімі, сыйақының номиналдық ставкасы) сәйкестігі мәніне тексереді және 3 жұмыс күнінің ішінде екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі арнайы шоттан қаражатты есептен шығару мүмкіндігін растайды. ҚР Республикалық бюджетінен және Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі арнайы шоттан қаражатты есептен шығаруды растау рәсімі жоқ.

Жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасының шарттары:

ТОО "СарыаркаАвтоПром"
ТОО «HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN»*

  «СарыарқаАвтоПром» ЖШС   «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС

1.

FAW Hongqi HS5

1.

Hyundai Sonata

2.

Skoda Karoq

2.

Hyundai Accent

3.

Skoda Octavia

3.

Hyundai Elantra

4.

Skoda Kamiq

4.

Hyundai Tucson

5.

Jac J7 Plus

5.

Hyundai Bayon

6.

Jac J7

6.

Hyundai I 20

7.

Jac JS5

7.

Hyundai I 30

8.

Jac S3

8.

Hyundai Mufasa

9.

Jac S3 Pro

10.

Jac JS4

11.

Jac S5

12.

Jac JS6

13.

Jac T6

14.

Jetour Dashing

15.

Jetour X70

16.

Jetour X70 Plus

17.

Jetour X90 Plus

18.

Jetour X50

19.

Chevrolet Cobalt

20.

Chevrolet Malibu

21.

Chevrolet Tracker

22.

Chevrolet Damas

23.

Chevrolet Onix

24.

Chevrolet Equinox

25.

Kia Ceed

26.

Kia Cerato

27.

Kia K5

28.

Kia Soul

29.

Kia Seltos

30.

Kia Sportage

* «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС автоөндірушісі бойынша модельдер Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы №79 қаулысымен бекітілген Отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушыларды кредиттеу бағдарламасының шеңберінде 2020 жылы Екінші деңгейдегі банктерге берілген 20 млрд.теңге шеңберінде қолжетімді.

Отандық автоөндірушілерді қаржыландыруға қатысатын ЕДБ тізбесі:

Банк ҚР ҰҚ аясындағы лимит, мың теңге ҚР РБ аясындағы лимит, мың теңге ҚР ҰБ аясындағы лимит, мың теңге
«Еуразиялық банк» АҚ 7 540 000 5 375 000 10 000 000
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 12 045 906 6 750 000
25 000 000
«Банк ЦентрКредит» АҚ 4 060 000 3 875 000
«Forte Bank» АҚ 1 735 992 - 5 000 000
«АТФ Банк» АҚ («Jusan Bank» АҚ ЕБ) 
618 102 -
Барлығы 26 000 000 16 000 000 40 000 000

Бағдарлама 20 жылға есептелген және «револьверлік» несиелендіруге негізделген: кредит алған жеке тұлғалардың негізгі борышты өтеуден түсетін қаражат есебінен банктер автомобиль сатып алуға жаңа қарыздар беретін болады.

Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы бойынша есептілік


Қатысушы банктер