• kz

Кредит өнімдері

Инвестициялық жобаларды орташа және ұзақ мерзімді қаржыландыру жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп ­тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталған.

  • Қарыздың ең төменгі сомасы – 7 миллиард теңге
  • Тағам өнімдері мен сусын өндірісі саласында және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жүзеге асырылатын жобалар үшін – 3 миллиард теңге
  • Қарыздың ең төменгі мерзімі – 5 жыл
  • Компанияның өзінің жеке қатысу өлшемі – инвестициялық жоба смета сомасының 20% кем емес

Ағымдағы қызметке кредит беру айналым қаражатын толық­тыру мақсатында инвести­циялық жоба аясында жүргізіледі.

  • Егер уәкі­летті органның шешімімен өзгеше белгіленбесе, бері­летін қарыздың ең жоғары үлесі – жоба бойынша мақұлданған кредиттік желі сомасының 40%-на дейін
  • Қарыз мерзімі – инвестициялық жобаны қа­ржыландыру мерзімінен аз

Синдикатталған қаржыландыру – бұл ҚДБ мен банктердің бірлесіп қатысуы арқылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды кредиттеу.

  • Қарыздың ең төменгі сомасы – 7 млрд теңге
  • Даму Банкі қаржыландырудың минималды сомасы 3,5 млрд теңге

Жобалық қаржыландыру – бұл инвестициялық жобаларға кредит беру, олар бойынша қарыз қаражатын төлеудің негізгі көзі жоба­ны іске асырудан түскен ақша түсімдері мен кірістер ағыны болып табылады.

  • Қарыздың ең төменгі сомасы – 7 млрд теңге
  • Қарыздың мерзімі – 20 жылға дейін
  • Компанияның өзінің қатысуының мөлшері – инвестициялық жоба сметасы сомасының 30%-ынан кем емес

Кепілдер ұсыну – Банктік кепілдемелер, тапсырмалар және үшінші тұлғалар үшін өзге де міндеттемелер беру

  • Қарыздың ең төменгі сомасы – 7 млрд теңге
  • Қарыздың мерзімі – 20 жылға дейін

Құрметті өтініш берушілер және сыртқы кеңесшілер!

  • Ыңғайлы болу үшін Банк «Сыртқы сараптамалық қызметтер» жаңа бетін жасады.
  • Бұл бетте сіз сыртқы сарапшыларды тартуға қатысты барлық қажетті құжаттарды таба аласыз: кеңесшілердің тізімдері және олардың байланыс деректері, оларға қойылатын біліктілік талаптары, Банктің кеңесшілердің есептеріне қойылатын талаптары және т.б.

Өтінімдерді қарау рәсімі

Әлеуетті қарыз алушылардың өтінімдерін қарау рәсімі 3 кезеңге бөлінген. Құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде өтінімді қараудың жалпы мерзімі 60 жұмыс күнін құрайды.

Бизнес ұсынысты алдын ала қарау – бұл сіздің несиелік өтініміңізді қарастырудың бірінші кезеңі.

Бірінші кезең ақысыз негізде жүзеге асырылады және барлық қажетті ақпаратты ұсыну шартымен, 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 

Индикативтік талдау – бұл өтінішіңізді қараудың екінші кезеңі, оның мақсаты инвестициялық жоба бойынша қаржыландырудың индикативтік шарттарын анықтау болып табылады.

Индикативтік талдау ақысыз негізде жүзеге асырылады және барлық қажетті ақпарат ұсынылған жағдайда 25 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

Банктің инвестициялық қызметі өсуімен бірге, жобалардың технологиялық күрделілігі артады, жобалардың ауқымы көбейеді, инвестициялаудың бағыттары әр тарапты болады, бұл жобаларға бағалау жүргізген кезде тәуелсіз кәсіби сараптамалық тәжірибені пайдалануды талап етеді.

Жоба бойынша сыртқы бағалау Банкпен аккредиттелген және компаниялардың тиісті тізбесіне енгізілген мамандандырылған компаниялармен жүргізіледі, осыған сыртқы құқықтық бағалау бойынша бағалаушы енбейді, себебі оның таңдауы сыртқы бағалаушының қорытындысын қажет ететін, мәселенің ерекшелігіне байланысты, Банктің ішкі құжатымен қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.

Банктік сараптама барлық қажетті ақпарат ұсынылған жағдайда 30 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Қажеті құжаттар:

Сыртқы бағалаушыларға, сыртқы консультанттарға, сақтандыру брокерлеріне қойылатын біліктілік талаптары

Сыртқы бағалаушыларды, сыртқы консультанттарды, сақтандыру брокерлерін аккредиттеу және Тізбеге енгізу қарыз алушыдан, өтініш берушіден тиісті сұратым келіп түскен кезде Банктің уәкілетті органының шешімі негізінде және (немесе) сыртқы бағалаушылардың, сыртқы консультанттардың, сақтандыру брокерлерінің тиісті сұратымы келіп түскен кезде, және олар Банктің біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.

Банкте мамандандырылған ұйымдарға келесі біліктілік талаптар бекітілген:

Жобаның техникалық пысықтауын бағалауға қойылатын талаптар

Сыртқы бағалаушы Өтініш беруші/Қарыз алушы ұсынған материалдар негізінде есепті дайындаған кезде, бұл ретте сыртқы бағалаудың тәуелсіздік пен тұтастық қағидатын сақтап, Банктің талаптарын басшылыққа алу керек.

Жобаның маркетингтік бағалауына қойылатын талаптар

Жоба бойынша Сыртқы бағалаушының есебінде анық және бір мағыналы қорытындылар мен шешімнің ұсынылған жолдары болу қажет, сондай-ақ ықтимал жобалық тәуекелдермен басқаруға бағытталған, барлық жобалық тәуекелдерді және Өтініш берушімен/Қарыз алушымен іс-шараларды пысықтау дәрежесін барынша толық және тәуелсіз ашу керек.

Сыртқы бағалаудың есебі несиелік өтініштің ажыратылмас бөлігі болып табылады.Осыған байланысты, Банкте несиелік өтінім тіркелу үшін Банктің талаптарына толықтай сай келетін, сыртқы бағалау есебін дайындау қажет.

Банктің, өтініш берушінің, қарыз алушының, сыртқы бағалушының, сыртқы консультанттың және сақтандыру брокерінің өзара әрекеттестігінің тәртібі

Сыртқы бағалау өтініш беруші, қарыз алушы, сыртқы бағалаушы және сыртқы консультант арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

Жобаның сәйкестендірілген тәуекелдерін сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі сақтандыру брокерінің қызметтері Шартқа Банктің ұсынымдарын ескере отырып қарыз алушы, өтініш беруші және сақтандыру брокері жасасатын брокерлік қызметтер көрсету туралы шарт негізінде көрсетіледі.

Өтініш беруші, қарыз алушы, сыртқы бағалаушы, сыртқы консультант және сақтандыру брокері сараптамалық қызметтер көрсетуге шарт жасасқан кезде Банк Басқармасы бекіткен мынадай ұсынымдарды ескеруі қажет:

Өтініш беруші/Қарыз алушы және Сыртқы бағалаушы есепті дайындаудың кез келген кезеңінде Банкке сыртқы бағалауды жүргізуге қатысты Банк талаптарын түсіндіру бөлігінде кеңес алуларына болады.

Сыртқы бағалау есептері Банк талаптарына сай келмеген жағдайда, мамандандырылған компания аккредиттелген Сыртқы бағалаушылар тізбесінен алынып тасталуы ықтимал.

Өтініш беруші/Қарыз алушы жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде, Банкпен белгіленген мерзімде сыртқы бағалау есебіндегі ескертулерді Сыртқы бағалаушымен жоюды қамтамасыз етеді.

Өтініш берушіге/Қарыз алушыға жобаны бағалау бойынша қызмет көрсетуге шартты төлеу ретінде сыртқы бағалауға ескертулерді толық жойған кезге және Банкпен Сыртқы бағалаушы есебін қабылдағанға дейін шарттың жалпы сомасынан 30-40% мөлшерінде соңғы төлемді қарастыру ұсынылады.

Жобаға едәуір өзгерістер енгізілген жағдайда, Банк Өтініш берушіден/Қарыз алушыдан қосымша немесе қайталама сыртқы бағалауды талап етуі мүмкін.

Аккредиттелген компаниялар сыртқы құқықтық бағалау жүзеге асыратын тізім

Барлық қажетті құжаттарды ұсынған соң, Банктің өкілетті органдары (Кредит комитеті, Банк Басқармасы немесе Директорлар кеңесі) Жобаға қатысты тиісті шешім қабылдайды.

Банк Басқармасына Инвестициялық жобаны және (немесе) Экспорттық операцияны 17 (он жеті) миллиард теңге баламалы сомасынан аспайтын мөлшерде қаржыландырудың негізгі шарттарын бекіту туралы шешім қабылдауға өкілеттік берілген. Бұл ретте, Директорлар кеңесі Инвестициялық жобаны және (немесе) Экспорттық операцияны 17 (он жеті) миллиард теңге баламалы сомасынан аспайтын мөлшерде қаржыландырудың негізгі шарттарын бекітеді.

Банктің өкілетті органдары Жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылдаса, несиелік инструментті ұсыну бойынша шарттарды жасасу үдерісі жүзеге асырылады.

Үлгілік шарттар:


Мониторинг және шығындарды басқару:

Қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Даму Банкі ұсынатын қарыздар мен берілетін кепілдіктер кепілмен, шартпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің өзге де тәсілдерімен қамтамасыз етілуі керек. Қамтамасыз ету Өтініш берушінің қарызы (негізгі борыш, егер сондай қажет болса, жеңілдік кезең үшін сыйақы және өзге де шығыстар) бойынша міндеттемелерін мынадай түрде:

  • Жылжымайтын және жылжымалы мүлік*;
  • Мүлік, соның ішінде бизнес-жоспарға немесе жобаның техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес келешекте түсетін мүлік*;
  • Заңнамамен тыйым салынбаған қамтамасыз етудің өзге де түрлерінде жабу керек*;

Кредиттеу валютасы: теңге, АҚШ доллары, еуро немесе қажеттілік бойынша өзге валюта.
Сыйақы мөлшерлемесі: қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің көлемі қарыз алудың орташа құны есебімен, жобалар тәуекелдерін бағалау және әкімшілік шығыстар деңгеймен есептеледі.

* Қамтамасыз етудің құны тәуелсіз бағалау компаниясымен есептелген нарық құнына сәйкес және Банктің кепілдік құнын есептеу әдісін қолданумен анықталады.


НЕСИЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУЫН РАСТАУ БОЙЫНША ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА