• kz

Қазақстанның Даму Банкі БҰҰ-ның жаһандық шартына қосылды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) бизнесті жаһандық деңгейде тұрақты дамыту жөніндегі ірі халықаралық бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына (UN Global Compact) қосылды. Банктің шартқа қосылуы оның тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарына бейілділігін растайды.

«Банк тұрақты даму саласындағы халықаралық шарттар мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай болуға ұмтылады. Банктің БҰҰ-ның жаһандық шартына қосылуы – бұл бағыттағы тағы бір қадам және адам құқықтарын құрметтеуді, еңбек стандарттары мен экологиялық жауапкершілікті қолдауды қоса алғанда, шарттың негізгі қағидаттарын ұстануға дайын екендігімізді көрсетеді», – деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Айта кетейік, 1999 жылдан бастап БҰҰ-ның жаһандық шарты корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму саласындағы әлемдегі ең ірі ерікті бастама және бүкіл әлем бойынша 20 мыңнан астам компанияны, оның ішінде Қазақстаннан 69 компанияны біріктірді.

Естеріңізге сала кетейік, Банктің 2024-2033 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясында қызметтің стратегиялық түйінді көрсеткіштері мен тұрақты даму бөлігіндегі бастамалар көзделген. Банк даму институты бола отырып, тұрақты даму және жауапты инвестициялау қағидаттарын ұстанады, өз қызметінде ESG қағидаттарын белсенді енгізеді және біріктіреді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79