• kz

ҚДБ Назарбаев Университетінің бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

Қазақстанның Даму Банкі Назарбаев Университеті ұйымдастырған жыл сайынғы бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Бұл іс-шара студенттерге Банк қызметімен танысуға және елдің жетекші қаржы институттарының бірінде жұмысқа орналасу, тәжірибе мен тағылымдамадан өту келешегі туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді.


IMG_7483 (2).JPG


Биыл жәрмеңкеге 74 компанияны қатысты. ҚДБ-ның бос орындар жәрмеңкесіне қатысуы оның елдің жетекші білім беру мекемелерімен стратегиялық әріптестігін және жастардың кәсіби өсуі мен дамуын қолдау ұмтылысын көрсетеді.

Жәрмеңке барысында ҚДБ өкілдері қаржы ұйымындағы бос орындар, талаптар мен мансаптық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берді, ал студенттер өз сұрақтарын қойып, жұмысқа орналасу және тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндіктерімен танысты.

Сондай-ақ, Банк жыл бойы тағылымдама мен тәжірибеге жас мамандарды іріктеуді өткізетінін, сондай-ақ бос лауазымдарға үміткерлерге тең мүмкіндіктер беретінін атап өтеміз. Банкте тағылымдама мен тәжірибеден жоғары білім туралы дипломы және бейінді салаларда жұмыс тәжірибесі бар мамандар да, Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері де өте алады.

ҚДБ-да тағылымдама мен тәжірибеден өту бірқатар артықшылықтар береді:

  1. Қаржылық-банктік жүйенің түрлі салаларында кәсіби құзыреттіліктерді, терең білім мен тәжірибелік дағдыларды игеру;

  2. Банк ісінің тәжірибелі тәлімгерлері – кәсіби басшылығымен оқыту, бұл Банктегі жұмысты тез игеруді қамтамасыз етеді;

  3. Болашақта жұмысқа орналасу және ұйымдағы мансапты дамыту келешегін кеңейтетін Банктің әлеуетті кандидаттарын сыртқы пулға қосу мүмкіндігі.

Тәжірибеден/тағылымдамадан өту шарттары және Банктегі бос жұмыс орындары туралы толығырақ мына жерден біле аласыз https://www.kdb.kz/kz/career/jobs/
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79