• kz

Қазақстанның Даму Банкі мен Сауд Арабиясының ЭКСИМ Банкі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) және Сауд Арабиясының экспортты-импорттық банкі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат мақсаты Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы тауарлар мен қызметтер экспорты саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру болып табылатын екі қаржы ұйымының ынтымақтастығын дамытудың базалық қағидаттарын айқындайды. Меморандумға ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев пен ЭКСИМ Банк Басқарма төрағасының орынбасары доктор Наиф бин Абдулрахман әл-Шаммари 20 желтоқсанда Эр-Риядта қол қойды.

«Меморандум бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға және екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін ортақ жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. ҚДБ қазақстандық кәсіпкерлердің жаңа нарықтардағы жұмыстарға қол жетімділігі үшін шетелдік қаржы ұйымдарымен осындай ынтымақтастықты кеңейту бойынша тұрақты негізде жұмыс істеуде», – деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Өз кезегінде әл-Шаммари ЭКСИМ Банк ҚДБ-мен тығыз ынтымақтастықта болуға және Сауд Арабиясының өнімдерін экспорттау үшін серіктестікті дамытуға ұмтылатынын атап өтті.

«Бұл меморандумға қол қою Сауд Арабиясы экпортын өңірлік және әлемдік нарықтарға ілгерілету үшін халықаралық әріптестікті пайдалану жөніндегі күш-жігеріміздің негізі болып табылады. Бұл ынтымақтастық ортақ жобаларды қолдайды, қаржыландыру мен кепілдіктерді қамтамасыз етеді», – деді доктор Наиф бин Абдулрахман әл-Шаммари.

Меморандум қаржы ұйымдары үшін өз қызметтерін жетілдіруге ақпарат, тәжірибе және озық дағдылармен алмасу, сондай-ақ экспорттық кредиттеуде бірлескен зерттеулер жүргізу және білім алмасу, қызметкерлерді оқыту бойынша мүмкіндіктер ашады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79