• kz

ҚДБ COP 28 конференциясының жұмысына қатысты

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) өкілдері осы жылдың 30 қарашасы мен 12 желтоқсаны аралығында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы жұмысына қатысты. Әлемдік көшбасшылардың қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараның басты тақырыптарының бірі – шығарындыларды азайту мен энергияға көшуді қолдау үшін тұрақты қаржыландыру.

ҚДБ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Марат Елібаев «Тұрақты энергетикалық ауысуға инвестициялар тарту» сессиясының спикері болды. Ол өз баяндамасында Банк қызметі СОР28 конференциясының бастамалары мен негізгі қағидаттарына сәйкес келетіндігін атап өтті.

«ҚДБ тұрақты энергетикалық ауысуды ілгерілетуге белсенді қатысады. Біз Банктің кредиттік қоржынындағы көміртегі ізін азайту, «жасыл» энергетика саласындағы жобаларға инвестиция салу, корпоративтік басқаруды жетілдіруге ерекше мән береміз», - деп атап өтті Марат Елібаев.

DSC09786.jpg

Банк ESG қағидаттарын шешім қабылдау процестеріне және күнделікті қызметіне енгізіп жатыр және осы қағидаттарға сәйкес келетін негізгі бағыттарды атап өтті. Олардың қатарында тұрақты дамуға инвестициялар мен көміртегі шығарындыларын азайту, энергия тиімділігін арттыру мен қалдықтарды басқару, әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау, сапалы және ашық ақпарат беру, сондай-ақ корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын қамтамасыз ету.

Осы жұмыс аясында ҚДБ Инвестициялық жобалар бойынша өтініш берушілерді ESG-қағидаттарына сәйкестігін бағалау критерийлерін әзірледі. Экологиялық аспектіде парниктік газдар шығарындылары туралы ақпаратты ашуға және оларды азайту жоспарларына, әлеуметтік аспектіде – өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмауға, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды әлеуметтік қорғауға қамқорлық жасауға және жұмыс орындарын құруға баса назар аударылады.

Корпоративтік басқаруда критерийлерге тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелері туралы ақпарат беру, сондай-ақ стейкхолдерлермен тиімді өзара әрекеттесу жатады. Әйелдерді басшылық лауазымдарға жоғарылатуға назар аударылатын болады.

Сонымен қатар Марат Елібаев Банктің жаңартылатын энергетика және энергия тиімділігі салаларындағы экологиялық таза жобаларды кредиттеуі туралы айтты.

«Біз жалпы қуаты 560 Мегаватт болатын жел, күн және гидроэнергетиканы қоса алғанда, әртүрлі секторлардағы жаңартылатын энергетика жобаларын қаржыландырамыз», – деп атап өтті спикер.

Естеріңізге сала кетейік, COP28 – бұл климаттық дағдарысты температураның 1,5°C дейін көтерілуін шектеу және 2050 жылға қарай нөлдік шығарындыларға қол жеткізу жолдарын келісу арқылы шешуге бағытталған конференция. Оның жұмысына мемлекет басшылары, бизнес көшбасшылар, климатолог-ғалымдар, журналистер мен түрлі деңгейдегі сарапшылар қатысады.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79