• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ цифрлық трансформациясы: BPM-жүйесін жұмысқа сәтті енгізу және клиенттерге онлайн қызмет көрсету

Коронавирус пандемиясы бизнесті трансформациялау қажеттілігімен байланысты қазіргі сын-қатерлерді әшкереледі, алайда, ҚДБ цифрлық экономика - қаржылық, кадрлық және беделдік шығындарды азайтудың негізгі факторы – пандемиядан бұрын сыртқы және ішкі процестерді автоматтандыру мен цифрландыру бойынша ауқымды жұмысты бастағанын түсінеді. Дәл осы уақтылы цифрлық трансформация Банкке ірі компаниялардың алғашқыларының біріне бір күн ішінде 100% қашықтықтан жұмыс режиміне сәтті өтуге мүмкіндік берді, қазіргі уақытта қызметкерлердің 90% қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда.

цифровизация.jpg

Карантиндік шектеулер жағдайында қызметті цифрландыру жөніндегі жұмыс жеделдетілді және бүгінде Даму Банкі кредиттеудің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге және өзінің нарықтағы жетекші позициясын ұстап тұруға қабілетті. Биылғы жылы бизнес-процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің бірінші кезеңін енгізу аяқталады, бұл Банкке онлайн режимінде қызмет көрсетуге және қарыз алушының кредит беру процесіне жеке қатысу қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік берді.

Автоматтандырылған басқару жүйесін енгізудің бірінші кезеңі шеңберінде Банк негізгі қызметтің бизнес-процесстеріне толық реинжиниринг жүргізді. 2019 жылғы мамырдан бастап Банкте қызметкерлердің 100% іс жүргізу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланады. Негізгі бизнес-процестер қайта қаралды және Lotus электрондық құжат айналымы жүйесі мен қағаздағы регламенттік рәсімдерден автоматтандырылған бизнес процестері бар жаңа BPM-платформаға көшірілді. Бұл клиенттермен коммуникациялардың сыртқы интерфейсін - CRM (Client Relation Management) әзірлеуге және енгізуге мүмкіндік берді. Банктің әлеуетті клиенттеріне ыңғайлы болу үшін CRM-жүйесі құжаттарды қабылдау, электрондық келісімдерге қол қою, сондай-ақ өтінімді қараудың әрбір кезеңінде хабарлау процесін цифрландыруға мүмкіндік берді.

«Банкте IT - стратегия бекітілді, оның мақсаты барлық IT-инфрақұрылымды жаңғырту және қағазсыз құжат айналымына көшу болып табылады. Осы жылы біз Банктің ішкі және сыртқы қызметін басқарудың автоматтандырылған жүйесі – BPM және CRM жүйелерін сәтті енгіздік. Бұл бізге бизнес-үдерістерімізді оңтайландыруға және жеделдетуге, сапаны жоғалтпай операциялық қызметке қол жеткізуге және қағаз құжат айналымымен байланысты бюрократиялық сәттерді жоюға мүмкіндік берді, сыртқы хаттар, қызметтік жазбалар, өкімдер, ішкі қорытындылар, уәкілетті органдардың шешімдері, сондай-ақ есептіліктің кейбір түрлері электрондық форматқа ауыстырылды», - деп атап өтті Басқарма Төрағасының орынбасары Думан Аубакиров.

Думан Аубакиров.JPG

Бұл қалай жұмыс істейді? CRM-жүйесі Банк сайтында қолжетімді https://my.kdb.kz/login мұнда әрекеттегі және әлеуетті клиенттер ЭЦҚ көмегімен авторизациялана алады, қарыз тартуға құжаттар бере алады, өз өтінімінің мәртебесін бақылай алады және тағы басқалар. CRM арқылы алынған құжаттар автоматты түрде өңдеу үшін BPM-ге (Business Process Management) жіберіледі. Құжаттарды тапсырғаннан кейін клиент оның өтінімін қарау мәртебесін қадағалауға және CRM арқылы бүкіл мәміле процесін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Жеке кабинеттегі клиенттерден басқа, жобаларды Сыртқы бағалаушы/кеңесші ретінде компанияларды қарау және аккредиттеу үшін қажетті деректерді ұсынуға мүмкіндік беретін сыртқы бағалаушылар үшін функционал әзірлеу жоспарлануда. Сондай-ақ, еңбек шарттарын және жұмысқа немесе тағылымдамаға үміткерлермен тағылымдамадан өту туралы шарттар жасасуға болады.

«Біз тестілік режимде Банк сайтындағы жеке кабинетте авторизацияландық және біздің компанияларымыздың бірі - ERG Recycling жобасы үшін онлайн қаржыландыруды алуға өтінім бердік. Біз сұратылған құжаттарды жеке кабинеттен сәтті жүктеп, жоба туралы ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойып, бизнес-ұсыныс бере алдық. Банктің бизнес-процестерді автоматтандыруға көшуі Банк үшін де, сондай-ақ әлеуетті және жұмыс істеп тұрған клиенттер үшін де өте уақтылы және ыңғайлы деп санаймыз. Бұл Қазақстанның түрлі облыстарында орналасқан және Нұр-Сұлтан қаласында әрдайым бола бермейтін клиенттер үшін бюрократиялық сәттер мен жеке қатысу қажеттілігін болдырмайды. Бұл әсіресе COVID-19 пандемиясы кезінде, кеңсе қызметкерлерінің көпшілігі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен кезде өзекті», - деп атап өтті Еуразиялық Топ төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматуллаев.

Данияр Рахматуллаев.JPG

BPM-жүйесі Банк қызметкерлеріне жұмыс істеу үшін қажетті барлық құралдар мен Банктің барлық ақпараттық жүйелеріне қорғалған байланыс арналары арқылы қол жеткізе отырып, әлемнің кез келген нүктесінен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазір BPM-де Банктің ішкі процестері мынадай бағыттар бойынша аяқталды: инвестициялық жобалар, экспорттық операциялар, портфельдер бойынша провизияларды есептеу, банкаралық кредиттеу, еншілес ұйымдарды қаржыландыру және адами ресурстарды басқару, комплаенс.

CRM-жүйесі ҚДБ Ақпараттық технологиялар департаменті (АТД) қызметкерлерінің жеке әзірлемесі болып табылатынын және оны ақпараттық жүйелерді дамыту басқармасының мамандары да қолдайтынын атап өткен жөн. BPM жүйесіне келетін болсақ, ол латвиялық Simurg компаниясының SimBase платформасында салынған. Жыл бойы Банк қызметкерлері халықаралық стандарттар бойынша бизнес-процестерді оңтайландыруды және әзірлеуді жүзеге асырды, сондай-ақ осы күнге дейін BPM жүйесін үздіксіз тестілеуді жүргізді.

«Біз үшін, әрине, пандемия елеулі сынаққа айналды, бірақ ол сондай-ақ қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру, Банк ұсынатын қызметтердің де, ішкі процестердің де диджитализация қарқынын күшейту үшін драйвер болды. Уақыт шектеулеріне және әріптестер мен клиенттермен жеке байланысқа тыйым салуға байланысты автоматтандыру басымдықтары ішінара өзгерді. Біз мемлекеттік органдардың, еншілес құрылымдардың ақпараттық жүйелерімен және Холдинг аясында интеграциялануды, сондай-ақ қағазсыз құжат айналымы мен онлайн есептілікті дамытуды жоспарлап отырмыз», - деп толықтырды ҚДБ Басқарма Төрағасының орынбасары Сандуғаш Кенжебаева.

Сандугаш Кенжебаева.png

2021 жылға қосалқы процестерді автоматтандыру (бэк-офис) және CRM-жүйесін одан әрі дамыту жоспарланған. Бейінді министрліктердің қолдауымен және заңнамалық актілерге түзетулер енгізілгеннен кейін ҚДБ электрондық құжат айналымына және «paper free» форматындағы жұмысқа толық көшуге дайын. Ауысудың мақсаты қызмет көрсетудің ашықтығын, сапасы мен жылдамдығын арттыру болып табылады.

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79