• kz

ҚДБ ЕАДБ-дан ресей рублімен кредиттік желісін тартты

WhatsApp Image 2020-12-04 at 18.37.34.jpeg

Кредиттік шартқа сәйкес ЕАДБ ҚДБ-ға 7 жыл мерзімге 5 724 022 500 (бес миллиард жеті жүз жиырма төрт миллион жиырма екі мың бес жүз) ресей рублі сомасына кредит желісін береді.

 Даму Банкі бизнеске жобаларды іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде – инвестициялық кезеңнен бастап дайын өнімді экспорттауға дейін қаржы және кредит өнімдерін ұсынады. Өз жобаларын қаржыландыру үшін ҚДБ ішкі және халықаралық капитал нарықтарында қарыз қаражатын табысты тартады. Осы жылдың басында Банк шетелдік және қазақстандық институционалдық инвесторлардың кең ауқымы арасында орналастырылған теңгемен деноминацияланған еурооблигациялардың үшінші шығарылымын жүзеге асырды. Даму Банкі мен ЕАДБ арасындағы құжатқа бүгінгі қол қою ҚДБ-ның тұрақты, тәжірибелі және сенімді әріптес болып табылатынын және Ресей рублімен тартылатын қаржы қаражаты қазақстандық кәсіпкерлер үшін тиімді шарттарда бизнесті кредиттеуге мүмкіндік беретінін тағы да дәлелдейді.

Бұдан басқа, Қазақстанның Даму Банкі, Ресейдің мемлекеттік даму корпорациясы ВЭБ.РФ, Еуразиялық даму банкі және Беларусь Республикасының Даму Банкі арасында ЕАЭО аумағында бірлескен инвестициялық қызметті және жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыру жолымен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасындағы интеграцияны дамыту үшін күш-жігерді біріктіруді көздейтін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

129735597_3744588992273959_5978021639923270579_o.jpg

«ЕАДБ-мен қол қойылған құжат Қазақстанның Даму Банкін кредиттеудің басым бағыттары шеңберінде ресей рублімен мәмілелерді іске асыру бойынша ынтымақтастықтың жаңа бағытын бастауға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді. ҚДБ мен ВЭБ-тің ынтымақтастығы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді, біз ШЫҰ БАБ желісі бойынша белсенді және жемісті жұмыс істеп келеміз және қол қойылған құжат шеңберінде Беларусь Республикасының Даму Банкімен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне ашықпыз, бұл тараптарға тараптардың қатысуы аумағында іске асырылатын және ЕАЭО елдері арасындағы интеграцияны дамытуға ықпал ететін инвестициялық жобаларды қаржыландыруды бірлесіп қарауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов.

129757489_3744588635607328_3653390818806793162_o.jpg

Бұған дейін ҚДБ жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін даму институттарымен, екінші деңгейдегі банктермен тығыз ынтымақтастық бөлігіндегі өзінің стратегиялық бастамалары туралы мәлімдеген болатын және Еуразиялық Даму Банкі осы бағыттағы сенімді және ұзақ мерзімді серіктестердің бірі болып табылады. ҚДБ мен ЕАДБ-ның ынтымақтастық тәжірибесі бар, атап айтқанда, құрылысы өткен жылы аяқталған «Сарыарқа» газ құбырын салу жөніндегі жобаны бірлесіп қаржыландырған болатын.

«ЕАДБ мен ҚДБ ұзақ мерзімді әріптестік қатынастары байланыстырады. Қол қойылған шарт инвестициялық қызмет аясында қазақстандық әріптестеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынына сенімдімін. Меморандумға келсек, бұл-тараптардың әрқайсысымен табысты ынтымақтастықтың жалғасы ғана емес, ЕАЭО елдерін дамытуға және ықпалдастыруға бағытталған біздің елдеріміздің негізгі қаржы институттары өзара қарым-қатынасының жаңа кезеңі», - деп атап өтті ЕАДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) - қатысушы елдердің: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның интеграциялануына және дамуына жәрдемдесетін халықаралық қаржы ұйымы. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Банк 2006 жылғы қаңтарда Ресей мен Қазақстанның штаб-пәтерімен Алматыда құрылды. ЕАДБ портфеліндегі негізгі үлесті көлік инфрақұрылымы, энергетика, химия және тау-кен өндіру өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы интеграциялық әсері бар жобалар алады.

ЕАДБ баспасөз орталығының байланыс нөмерлері:

Савельев Александр, +7 (985) 765 23 59 (Мәскеу)

Сапаргалиева Азима, +7 (777) 750 00 08 (Алматы)

Горбачёв Сергей, +7 (916) 727 22 00 (Мәскеу)

pressa@eabr.org

www.eabr.org


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79