• kz

ҚДБ теңгелік еврооблигацияларының үшінші шығарылымын жүзеге асырды

DSC_7800.JPG

Банктің теңге еврооблигацияларын шығару Еуропа және Қазақстан инвесторларына ұсынылды. Банк облигацияларын орналастыру географиясы құрлықтық Еуропаның (Италия, Германия, Швейцария, Лихтенштейн, Франция, Дания мен Финляндия) – 32%, Қазақстанның - 29%, Ұлыбританияның - 28% және басқа да елдердің 11% инвесторларымен ұсынылады, олардың қатарында Ресей және Таяу Шығыс елдерінің инвесторлары бар. Абсолюттік цифрмен алғанда, сөз 25 астам инвесторлар туралы болып отыр.

Банктің теңге еврооблигацияларын шығару бойынша халықаралық инвесторлар кездесулері 30 қаңтар – 4 ақпан аралығындағы кезеңде Франкфурт, Цюрих, Лондон және Алматы қалаларында болды. Шығарылымның бірлескен букраннерлері ретінде Halyk Finance, J.P. Morgan, Societe Generale және UBS Investment Bank жұмыс істеді.

WhatsApp Image 2020-02-07 at 08.49.48.jpeg

ҚДБ-ның ірі жобаларды кредиттеуге маманданатынын назарға алатын болсақ, Банктің теңге еврооблигацияларын шығару есебінен тартылатын қаржы қаражаты бизнесті кәсіпкерлер үшін қолайлы шарттарда кредиттеуге мүмкіндік береді.

Теңге еврооблигацияларын орналастыру ойдағыдай өтті деп ойлаймын, бізге оларды мерзімі бойынша да, сондай-ақ ставкасы бойынша да қолайлы шарттармен орналастырудың сәті түсті. Банктің теңге еврооблигацияларына қызығушылық білдірген 13 елдің инвесторларынан тұратын география Банктің сенімді эмитент екендігін және инвесторлардың Қазақстанның ұлттық валютасына сенетінін білдіреді,

  - деп атап өтті ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары Дмитрий Бабичев.
PAI_7936-1.jpg

ҚДБ-ның бұған дейін теңгеге деноминацияланған еврооблигациялардың екі шығарылымын жүзеге асырғанын еске саламыз. 100 млрд теңге көлеміндегі еврооблигациялардың алғашқы шығарылымы 2017 жылғы желтоқсанда және 100 млрд теңге 2018 жылғы сәуірде іске асырылды.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79