• kz

ҚДБ 2019 ЖЫЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ 481 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛДЫ

IMG_6252.JPG

ҚДБ 2019 жылды оң қаржылық нәтижемен аяқтады – аудиттелмеген деректер бойынша шоғырландырылған таза пайда 7,5 млрд теңгені құрады. Меншікті капиталдың көлемі 424,1 млрд теңгені құрады, өсім 2018 жылмен салыстырғанда 12,8% құрады.

Есепті кезең ішінде экономиканы несиелеуге ҚДБ тарапынан 481 млрд теңге (28 млрд теңге сомасындағы банкаралық несиелеуді қоса алғанда) салынған, ал тікелей кредиттеу шеңберінде Банк жалпы сомасы 436,5 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жобаны және шикізаттық емес салалар кәсіпорындарының 3 экспорттық операциясын қаржыландыруды мақұлдады. Бұл Қапшағай қаласындағы қуаты 100 МВт СЭС құрылысы, «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылысы, Шымкент қаласындағы метил-трет-бутил эфирін өндіретін зауыттың құрылысы, Ақтоғай КБК қайта өңдеу қуаттарын кеңейту, ҚР ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қол жетімділікпен қамтамасыз ету, Ақмола облысындағы бройлер өсіретін құс фабрикасының 2 кезеңінің құрылысы сияқты ірі жобалар.

IMG_6441.JPG
Абай Сарқұлов, Басқарма Төрағасы

Қорландыру құрылымындағы мемлекеттік қаражаттың үлесін азайту мақсатында Даму Банкі баламалы көздерді іздестіруге назар аударады. Қажетті қорландыру базасын қамтамасыз ету үшін Даму Банкі капиталдың ішкі нарығында да, халықаралық нарығында да әртүрлі қарыздану құралдарын – облигациялар шығару мен орналастыруды, банкаралық және бюджеттік кредиттер тартуды, депозиттер тартуды, кредит желілерін игеруді және т.б. пайдаланады.

2019 жылы мемлекеттік қаражаттың әрбір теңгесіне нарықтық шарттармен 1,17 теңге қарыздану тартылды. ҚДБ өткен жылы әртүрлі көздерден тартқан 329,5 млрд теңге қорландыру қорының 54%-ы (177,9 млрд тг) нарықтық қаражатқа келеді. Осылайша, ҚДБ Банк қарыз алушыларының ұлттық валютадағы кредит ресурстарына деген өскелең сұранысын қамтамасыз етуге ұмтылады. Банк кредиттік қоржынының құрылымындағы теңгемен берілетін қарыздың үлесі 2018 жылғы 43%-дан (721,7 млрд теңге) 2019 жылдың қорытындылары бойынша 53%-ға (915,3 млрд теңге) дейін өсті. 2013 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылғаннан бері ҚДБ тарапынан ұлттық валютадағы кредиттік қоржынның үлесі 12 есеге дерлік артты.

2019 жыл Қазақстанның салаларына зор мультипликативтік тиімділік беретін ел үшін маңызы бар жобалардың пайдалануға енгізілуімен есте қалды: олар Қарағандыдағы «YDD Corporation» ЖШС-ның ферросилиций өндіретін жоғары технологиялы зауыты, Шымкенттегі «Asia Trafo» ЖШС-ның күш трансформаторларын жасайтын зауыты, «Сарыарқа» магистралды газ құбыры, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау, Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды тереңдетіп қайта өңдеу кешенін салу. Банк сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы құзыретін де белсенді түрде арттыруда, өткен жылы Қапшағай қаласындағы «Nurgisa» күн электр станциясы, Түркістан облысындағы «Жылға» күн электр станциясы және Ақмола облысындағы «Астана EXPO-2017» жел электр станциясы іске қосылды.

IMG_6289.jpg Әділ Исмағамбетов, Басқарушы директоры

2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - ИИДМБ) жүзеге асыру аясында, ҚДБ жалпы құны 467,8 млн теңгені құрайтын (оның ішінде 253 млрд теңге мемлекеттік қаражат көздерінен) 23 жобаны қаржыландыруға мақұлданған, қаржыландыруға қолжетімді сома 113,2 млрд теңгені құрайды. Бұл келесі ірі жобалар: Ақтөбе рельс-арқалық зауытының құрылысы, Қаратау қаласындағы цианисті натрий өндіретін зауыт, Ақтаудағы минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту, Астана халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын реконструкциялау, Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталықтың құрылысы, Екібастұзда темір жол доңғалақтарын жасау бойынша кешен құру, Ақтау халықаралық теңіз портын кеңейту, Шымкенттегі күш трансформаторларын жасайтын зауыттың құрылысы, Ақмола облысындағы бройлер өсіретін құс фабрикасының құрылысы (1 және 2-кезең), Қарағандыдағы ферросилиций өндіретін зауыттың құрылысы, Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту, Шымкент қаласындағы метил-трет-бутил эфирін өндіретін зауыттың құрылысы.

2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ іске асыру кезеңі ішінде 4,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, 2019 жылғы алдын ала қорытындысы бойынша 450 млрд теңгеге жуық сомасындағы өнім сатылды, 168 млрд теңгеге жуық сомасындағы өнім экспортталды, қазынаға 83 млрд тенге көлемінде салық төленді.

1111.jpg Сандуғаш Кенжебаева, Басқарма Төрағасының орынбасары

2020 және 2021 жылдары Банк тиісінше 430 млрд теңгеге және 458 млрд теңгеге жуық сомадағы жобалар бойынша игеруді жоспарлауда. Осылайша, 2021 жылға қарай Банктің кредиттік қоржыны шамамен 2 трлн теңгені құрайды. Ағымдағы жылы ҚДБ несиелердің жалпы құны 1 трл теңгені құрайтын ықтимал жобалар қоржынын айқындады, олардың салалық құрылымы негізінен өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы жобалардан тұрады.

Банктің стратегиялық жоспарларында «Бәйтерек» холдингі мен Үкімет алға қойған мақсаттарға қол жеткізу, қазақстандық экспорттаушыларды белсенді түрде қолдау, «жасыл» жобаларды, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы ЖЭК және экологиялық таза жобаларды қаржыландыру жөніндегі құзыретті белсенді түрде дамыту, екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп жобалармен жұмыс істеу, сондай-ақ халықаралық инвесторлармен ынтымақтасу міндеті тұр.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қазіргі кезде ҚДБ жобаларды инвестициялық фазадан дайын өнімнің экспортын қолдауға дейін қаржыландырудың қолайлы құрылымын клиенттерге ұсынуға мүмкіндік беретін құралдар қоржынын иеленеді. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру «шегі» 7 млрд теңгеден, тамақ өнеркәсібі саласы үшін - 3 млрд теңгеден, экспорттық операциялар үшін - 1 млрд теңгеден басталады. Ақпараттық ашықтықты арттыру мақсатында Банк әкімшілендіруде, қаржыландыруда және ҚДБ-ның қарауында жатқан жобалар туралы жалпыға бірдей қол жетімді ақпараттың базасын да кеңейтті. Банктің http://www.kdb.kz сайтынан қаржыландырудың негізгі шарттары туралы ақпаратпен және жобалар бойынша жалпы ақпаратпен танысуға болады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79