Банк развития Казахстана
  • kz

ЕДБ-ге жеңілдікті автокредитке 5,5 млрд теңге жіберілді

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) қаржыландыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) қосымша 5,5 млрд теңге жіберді.

Коммерциялық банктер мынадай көлемдегі қаржы қаражатын алды:
«Қазақстан Халық банкі» АҚ - 2 млрд теңге,
«Сбербанк» АҚ ЕБ - 1,5 млрд теңге,
«ВТБ Банк» АҚ ЕҰ (Қазақстан) - 2 млрд теңге.
 
Ағымдағы жылғы қазанда ҚДБ Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын қаржыландыруға 14,5 млрд теңге жіберу туралы хабарлағандығын еске саламыз. Сонда транш «Қазақстан Халық банкі» АҚ (4 млрд теңге), «Сбербанк» АҚ ЕБ (7,5 млрд теңге) және ВТБ Банк АҚ ЕҰ (Қазақстан) (3 млрд теңге) арасында бөлінген болатын Қазақстанның Даму Банкі облигациялар шығару жолымен Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы №79 қаулысына сәйкес осы мақсаттарға «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ-дан (бұдан әрі – ҚТҚ, Ұлттық Банктің еншілес ұйымы) 20 млрд теңге қарыз алуды жүзеге асырды.

Осылайша, ҚДБ 2015 жылдан бері Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын қаржыландыруға 62 млрд теңге жалпы сомасындағы қаржы қаражатының бес траншын жіберді. Атап айтқанда, 2015-2016 жылдары Ұлттық қордан 26 млрд теңге жалпы сомасындағы екі транш, 2018-2019 жылдары Республикалық бюджеттен 16 млрд теңге жалпы сомасындағы екі транш, ҚТҚ атынан Ұлттық Банктің қаражаты қатысатын 20 млрд теңге сомасындағы бір транш.
Бағдарлама бойынша кредит берудің револьверлік сипаты бар: қолданыстағы кредитті өтеу төлемдері жаңа кредиттеуге бағытталады. Бағдарлама шеңберінде қазақстандықтар жалпы сомасы 81,8 млрд теңге кредит алды. Осындай қаражатты қайталап игерудің арқасында қазақстандықтар жеңілдік шарттарымен отандық өндірістің 17 644 автомобилін сатып алды.

ҚДБ қатысушы банктердің қаражатының нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізуді жалғастырады, алайда өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту мақсатында ҚДБ енді Республикалық бюджеттің және ҚР Ұлттық Банкі қаражатының қатысуымен іске асырылатын Бағдарлама шарттарына кредиттік өтінімдердің сәйкестігін келісу рәсімін жүргізбейтін болады.

Бұдан басқа, ҚДБ Бағдарламаны іске асыру шеңберінде «Азия-Авто» және «СарыаркаАвтоПром» автомобиль жасаушыларымен тиісті келісімдерге қол қойды. Қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес отандық автомобиль жасаушылар екінші деңгейдегі банктер кредиттік өтінімді мақұлдағаннан кейін 20 жұмыс күнінің ішінде автосалондарда автокөліктің болуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Осыған байланысты ЕДБ автоөндірушіден/дилерден қоймада автомобильдің болуы немесе 20 жұмыс күнінің ішінде жеткізу мүмкіндігі туралы алдын ала растау алуға тиіс, бұл ретте ЕДБ-де өтінімді қарау кезеңі 15 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Өзгерістерде түпкі қарыз алушыларға жеңілдікті автоқарыздар беру шарттары өзгерген жоқ. Критерийлер бұрынғысынша қалды:
- сыйақының номиналды ставкасы – жылдық 4%-дан аспайды,
- кредиттеу мерзімі – 7 жылдан аспайды;
- қарыз валютасы – теңге;
- жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны - 15 млн теңгеден аспауға тиіс.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ) аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79