• kz

«Қазақстанның Даму Банкі» және «Қазақтелеком» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойды

Курсив 3.jpg

Қуанышбек Есекеев, Айдар Әріпханов және Абай Сарқұлов (фото Курсив редакциясымен ұсынылған)

«Біз 500 астам халқы бар ауылдарды жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз ету сияқты маңызды жобаға қатысқанымызға қуаныштымыз. Ол жерлерде мектептер, медициналық мекемелер, мемлекеттік органдар, бизнес жұмыс істейді, жылдамдықты Интернет олардың қызметін айтарлықтай жеңілдете алады. Оның көмегімен әртүрлі анықтамалар, дәрігерлердің консультацияларын, онлайн-білімге, оқу материалдарына қолжетімділік алуға, қажетті тауарларға тапсырыс беруге және т.б. қызметтер алуға болады», - деп атап өтті іс-шара барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов.


IMGL0162.JPG

Айдар Әріпханов.


«Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қол жетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік схемасы бойынша іске асырылатын «Қазақтелекомның» аса ірі стратегиялық жобасы болып табылады. Бұл жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске асырылады және ол экономиканы технологиялық жаңғыртуды жеделдетуге, сондай-ақ оптоталшықты инфрақұрылымға жаппай қол жеткізуді және цифрлық теңсіздікті жоюды қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚДБ мен «Қазақтелеком» арасында қол қойылған кредиттік желі ашу туралы келісімнің шеңберінде жобаны қарыз қаражатын тарта отырып қаржыландыру 2019 – 2020 жылдардағы кезеңге жоспарлануда.

«Бұған дейін біз Қазақстанның Даму Банкімен ынтымақтасқанбыз, сол кезде өзіміздің еншілес компаниямыз «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-мен бірге 4G желісін өрістету жөніндегі жобаны табысты іске асырудың сәті түскен болатын. Бүгінде біздің алдымызда одан да маңызды ауқымды міндет – шалғайдағы ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жобаны іске асыру ауылдық жерлердегі тұрғындардың цифрлық сауаттылығы деңгейін арттырудағы маңызды кезең болып табылады», - деді қол қою барысында «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев.


Куанышбек Есекеев.JPG

Қуанышбек Есекеев


«Қазақтелеком» үшін осы жоба бойынша қарыз алуды ҚДБ-ның мақұлдауы фактісі, бір жағынан, мемлекеттің қолдауын және жобаның халық үшін әлеуметтік маңыздылығын түсінушілікті көрсететіні атап өтуге тұрарлық. Екінші жағынан – телеком-оператордың халықаралық кредиттік рейтингтермен расталған қаржылық тұрақтылығының жоғары деңгейін көрсетеді. Мәселен, «Қазақтелеком» АҚ кредиттік рейтингінің ағымдағы деңгейі Fitch Ratings және Standard & Poor's бағалауларына сәйкес – «ВВ+», бұл осыған ұқсас компаниялардың арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Осы жобаның стратегиялық мақсаттары – цифрлы технологияларды пайдалану және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылымдар жасау есебінен ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру. Ауылдарда сапалы интернет-байланыстың болуы мемлекеттік мекемелердегі жұмыстардың жылдамдығын және сапасын жақсартуға, сондай-ақ 2022 жылға қарай электрондық түрде алынатын мемлекеттік қызметтердің үлесін мемлекеттік қызметтердің жалпы көлемінің 80%-ына дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, 2022 жылға қарай интернет желісін пайдаланушылар үлесінің 82% дейін ұлғаюы күтіледі,

- деп атап өтті «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов.
АС 2 Курсив.jpg
Абай Сарқұлов (фото Курсив редакциясымен ұсынылған)

Жобаның арқасында еліміздің шалғайдағы ауылдарының 2,5 млн жуық тұрғындарының жоғары жылдамдықты интернетке қол жетімділігі қамтамасыз етілетінін еске саламыз. Келесі жылдың соңына дейін «Қазақтелеком» АҚ елдің 828 ауылындағы 2496 мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін 15 000 км жуық талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартады. Қазіргі кезде компания Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды,, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарының ауылдарындағы мемлекеттік мекемелерді талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосты.

«QazTech Ventures» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) компаниясы жобаны іске асыруда жобаның сыртқы техникалық сарапшысы және қаржылық-техникалық бақылаушысы рөлінде «Қазақтелекомның» әріптесі болды.


Куанышбек Есекеев и Абай Саркулов.JPG

Қуанышбек Есекеев және Абай Сарқұлов

«Қазақстан даму банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

«Қазақтелеком» АҚ – Қазақстан Республикасының аса ірі ақпараттық-коммуникациялық операторы. Тіркелген телефон байланысы, интернетке кең жолақты қол жеткізу қызметтерін, ақылы цифрлық телевизия қызметтерін, әртүрлі инновациялық қызметтер мен сервистер көрсетеді. Компания Республиканың бүкіл аумағына қызмет көрсетеді, сервис пункттерінің өзіндік желісін, 16 data-орталықтар желісін, байланыс-орталықтарын иеленеді. «Қазақтелеком» киберқауіпсіздікті, ІоТ технологияларды, smart city, smart home және т.б. қамтамасыз ету жөніндегі перспективалық бағыттарды белсенді түрде дамытады. Компанияның акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енгізілген, ол инвесторлар, әріптестер және басқа да мүдделі тұлғалар үшін оның ашықтығының жоғары деңгейіне кепілдік береді.

«Қазақстан даму банкі» АҚ жұртшылықпен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08


«Қазақтелеком» АҚ жұртшылықпен байланыс қызметі: +7 (7172) 59 15 04

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79