• kz

ҚДБ кредиттік қоржыны бес жыл ішінде 4,5 астам өсті

Общее фото спикеров.JPG

Банк активтеріндегі кредиттік қоржынның үлесі алдыңғы жылдың соңындағы 61%-дан 2018 жылдың соңында 67%-ға дейін артты. Банк есепті жылдың ішінде 2017 жылғы 422 млрд теңге сомасындағы 31 жобамен салыстырғанда 443 млрд теңге сомасындағы барлығы 30 жобаны қаржыландырды. Бұдан басқа, өткен жыл ішінде Банк энергетика, металлургия, көлік және логистика, телекоммуникация сияқты өнеркәсіп салаларында 225 млрд теңге сомасындағы 9 жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, сөз Қарағанды қаласындағы ферросилиций өндіру зауыты мен Түркістан облысындағы қуаты 20 МВт «Жылға» күн электр станциясын салу, Павлодар облысындағы «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ энергетикалық активтерін жаңғырту (17% Қазақстанда электр энергиясын өндіру және 20% көмір өндіру), Батыс Қазақстан облысындағы (БҚО) «Конденсат» АҚ базасында К-5 экологиялық сыныпты дизель отыны қондырғысын іске қосу сияқты жобалар туралы болып отыр.

Өткен жылғы сәуір айында ҚДБ 100 млрд теңге сомасындағы теңгеге деноминацияланған еврооблигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. 2017 жылғы желтоқсанда жүзеге асырылған теңгелік евробондтардың алдыңғы шығарылымымен салыстырғанда, Банк қарыздану мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтуға және купон мөлшерлемесін жылдық 9,5%-дан 8,95%-ға дейін төмендетуге қол жеткізді. Тұтастай алғанда, ҚДБ өткен жылы әртүрлі көздерден тартқан 291 млрд теңге қорландыру көлеміндегі бюджет қаражатының үлесі 16% құрады. Қалған көлем нарық шарттарында қарыздануды қоса алғанда, бюджеттен тыс көздерден тұрды.

2018 жылғы желтоқсанда ҚДБ өз қызметінің тарихында алғаш рет «AAEngineering Group» ЖШС кепілдігін бере отырып, Қырғызстанның «Джеруй» аса ірі алтын кен орнынан алтын бөліп алатын фабриканың құрылысын салуға 37,8 млн АҚШ долларына дейінгі сома бөліп, Қазақстан қызметтері экспортына қолдау көрсетті.

2018 жыл Қазақстанның бүкіл банк жүйесінің орнықтылығына жүргізілген сынақтар кезеңі болды. Валюта бағамының құбылмалылығы, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ҚДБ-ға әріптес коммерциялық банктердегі ахуал, қаржылық есептіліктің IFRS 9 жаңа халықаралық стандартының енгізілуі – міне осы факторлардың бәрі Банктің тәуекел-менеджмент жүйесінің тиімділігіне жүргізілген сынақ болды. Соның қорытындысы: біз осындай күрделі жағдайларда өткен жылды оң қаржылық нәтижемен аяқтауға қол жеткіздік,

- деп атап көрсетті ҚДБ Басқармасының төрағасы Болат Жәмішев.
Болат Жамишев 2.JPG
2018 жылдың қорытындылары бойынша Банктің шоғырландырылған таза пайдасы 3,2 млрд. теңгені құрады. Банктің кредиттік қоржынының сапасы жақсы деңгейде қалып отыр: жалпы кредит қоржынына провизиялар 4% аспады, 2018 жылдың аяғында жұмыс істемейтін қарыздар үлесі 0,5% құрады.

2018 жылы ҚДБ-ның қатысуымен қаржыландырылған 6 жоба пайдалануға енгізілді, оның ішінде: Екібастұз қаласындағы темір жол доңғалақтарын шығару кешені, Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталық, Ақмола облысындағы бройлерлер өсіру жөніндегі фабриканың бірінші кезегі, БҚО-дағы «Конденсат» АҚ базасында дизель отынын өндіру қондырғысы бар.

ҚДБ 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – ИИДМБ) негізгі операторларының бірі ретінде өткен жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 338,4 млрд теңге сомасындағы 20 ірі инвестициялық жобаны қаржыландырды. Қазіргі кезде жалпы сұратылатын қарыз сомасы 452,14 млрд теңгеге дейінгі, оның ішінде ИИДМБ шеңберінде 220,58 млрд теңгеге дейінгі 8 жоба ҚДБ қарауында жатыр.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79