• kz

ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева WOMANi халықаралық марапатына ие болды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, Банк, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) Islamic Finance and Business Forum-ға қатысты. Онда ҚДБ Басқарма төрағасының қаржыны басқару мәселелері жөніндегі орынбасары Ботагөз Әбішева WOMANi Significancia 2025 халықаралық сыйлығымен марапатталды.


Абишева Ботагоз.jpeg


Форум әртүрлі елдерден 200-ден астам қатысушыны жинады және ислам экономикасын дамыту мәселелеріне арналды. Іс-шара аясында жыл сайын исламдық қаржы мен бизнестің дамуына елеулі үлес қосқан әйел көшбасшыларды атап өтетін WOMANi бастамасын марапаттау рәсімі өтті. Ботагөз Әбішева аймақтың ислам экономикасындағы ең ықпалды әйелдердің қатарына кіріп, WOMANi Significancia 2025 атағын алды.

«Ислам қаржысының дамуына қосқан үлесі үшін марапат алу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл өте маңызды және перспективалы сала, оны белсенді дамыту қажет. Өз кезегінде Банк Қазақстандағы ислам қаржысының дамуына елеулі үлес қосуды жалғастырады», – деп атап өтті Ботагөз Әбішева.

WOMANi бастамасы жыл сайын ислам экономикасындағы ең ықпалды 500 әйелдің тізімін шығарады. Оған орталық банктердің, исламдық қаржы институттарының, министрліктердің, инвестициялық қорлардың, халықаралық ұйымдардың және әртүрлі елдердің ғылыми мекемелерінің басшылары кіреді.

WOMANi-дің басты мақсаты – исламдық қаржы саласындағы әйелдерді қолдау және тәжірибе алмасу мен әйелдер көшбасшылығын ілгерілету үшін жаһандық қоғамдастық құру.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!