«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ «Бәйтерек» холдингінің стенді құрамында «Ulttyq ónim» көрмесіне қатысуда. Көрме отандық тауарларды ілгерілету, өндірістік әлеуетті көрсету және кәсіпкерлер, инвесторлар мен даму институттары арасында тәжірибе алмасу үшін негізгі алаңға айналды.
ҚДБ өзінің қолдау құралдарын ұсынды: жобалық және экспорттық қаржыландыру, жаңғыртуды қаржыландыру, инфрақұрылымды дамыту. Экспорттық желіге ерекше назар аударылды, соның арқасында қазақстандық компаниялар халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік алады.
Көрмеде ҚДБ қолдауымен жобаларан іске асырған кәсіпорындар да өз өнімдерін ұсынды. ҚДБ-ның қаржылық қолдауымен қуаттылығы жылына 30 000 тонна хлор мен каустикалық сода өндіретін мембраналық технология жобасын іске асыратын «Каустик» АҚ өз стендін ұсынды. «Қазэнергокабель» кабель зауыты энергетика және құрылысқа, оның ішінде экспортқа арналған өнімдерді жеткізеді. Жаркент крахмал-сірне зауыты – өңірдегі жүгеріні ірі өңдеушілердің бірі, крахмал мен глюкоза-фруктоза сироптарын ТМД, Түркия және Қытай елдеріне экспорттайды. «Масло-Дел» белгілі брендтермен май шығарады және экспортты белсенді дамытуда. BioOperations – биоэтанол, бидай желімтегі, крахмал және мал азығын өндіретін жоғары технологиялық толық циклді агроөнеркәсіптік кешен. Көрмеде азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста қолданылатын берік, ылғалға төзімді, отқа төзімді және дыбыс өткізбейтін базальт плиталарын шығаратын «Макинск жылу оқшаулау зауыты» компаниясы ұсынылған.
Бұл компаниялар даму институты арқылы индустрияландыру мен мемлекеттік қолдаудың нәтижелерін көрсете отырып, өз стендтерімен көрмеге қатысты. ҚДБ қатысуымен өндірілген өнім Ресейге, Қытайға, Орталық Азия, Таяу Шығыс және Еуропа елдеріне экспортталады.
ҚДБ-ның көрмеге қатысуы – бұл қаржы құралдарының таныстырылымы ғана емес, сонымен қатар бизнеспен тікелей диалог, тәжірибе алмасу және отандық өнеркәсіп үшін жаңа өсу нүктелерін іздеу.