«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да 2025 жылдың І тоқсанының қорытындылары бойынша есептік кездесу өтті. Іс-шараға Басқарма төрағасы Марат Елібаев пен Банк қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында жұмыстың негізгі нәтижелері мен алдағы тоқсанға қойылған жоспарлар айтылды.
«Бірінші тоқсан мүмкіндіктерге де, қиындықтарға да толы болды. Біз 292 млрд теңгені сәтті игердік, ол 9 инвестициялық жоба мен 9 экспорттық операцияны қамтиды. Бұл жоспарлы көрсеткіштерден екі есеге жуық жоғары. Сонымен қатар, 500 млн еуро көлемінде еурооблигациялар тартылып, бірқатар маңызды бастамалар іске асырылды. Тоқсан қорытындысы бойынша таза пайда 40,5 млрд теңгені құрады. Бұл – команданың үйлесімді және кәсіби жұмысының нәтижесі», – деді Марат Елібаев.
Кездесуде ҚДБ-ның Клиенттермен жұмыс істеу дирекциясының қызметкерлері Әсел Шитенова, Айнұр Дәрібаева, Нариман Қожагұлов және Айнель Шарманова бірнеше жобаны таныстырды. Олардың қатарында Алматы қаласындағы туристік базасы, құс шаруашылығы саласындағы Прима Құс агроөнеркәсіптік компаниясы, Astana Motors жеңіл автокөлік шығару зауыты және ферросилиций өндіретін Mineral Product International зауыты бар. Мерей Исенов республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жүргізіліп жатқан (2-кезең) жұмыс жайлы баяндады. Бұл жоба еліміздің көлік инфрақұрылымының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Төлеген Каренов Көкшетау қаласындағы көпсалалы аурухана құрылысы жобасының («РенЭлл Көкшетау» ЖШС) аралық нәтижелерін таныстырды.
ҚДБ цифрлық трансформацияның аралық қорытындыларын шығарды. Ақпараттық технологиялар директоры Сергей Шмагин DBK Product space платформасын таныстырды. Оның аясында жасанды интеллект көмегімен кредиттік өтінімдерді қараудың бірінші кезеңі – бизнес-ұсыныс оңтайландырылады. Осы кезеңде қабылданатын шешімдер жобаларды қаржыландыруға іріктеуде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, AI-dos және AI-sha интеллектуалды ассистенттері мен KDB DWH жобалық деректер қоймасы әзірленуде.
HR менеджер Сәния Рахимбекова Банктегі корпоративтік мәдениетті дамыту туралы айтты: гендерлік саясаттың бекітілуі, жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайту, ішкі іс-шараларды ұйымдастыру және әлеуметтік желідегі dbkproteam корпоративтік парақшаның сәтті іске қосылуы.
Осындай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады және Банктің ашықтығы мен стратегиялық дамуына ықпал етеді.