• kz

ҚДБ ұлттық автожолдарды жаңғыртуға қосқан үлесі үшін ADFIAP сыйлығына ие болды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – ҚДБ) ұлттық маңызы бар автожолдарды жөндеу жөніндегі ауқымды жобаны іске асырғаны үшін «Инфрақұрылымдық даму» санатындағы Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі дамуды қаржыландыру институттары қауымдастығы (бұдан әрі – ADFIAP) сыйлығының лауреаты атанды. Марапаттау рәсімі 24 сәуірде Оман астанасы Маскатта өтті.


WhatsApp Image 2025-04-28 at 09.51.30.jpeg


ҚДБ қаржыландырған жоба 5 мың км автожолдарды жөндеуді көздейді. Бүгінгі таңда 1,2 мың км жол жөнделді, бұл өңірлердің негізгі логистикалық және экономикалық тораптармен көлік байланысын жақсартуға ықпал етеді.


Фото 1.JPG


Жобаны іске асыру сапалы жол инфрақұрылымының арқасында өңірлерде өндірістік қуаттарды ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халық үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Фото 2.JPG


«Біз үшін бұл марапат –өңірлерде инфрақұрылымды дамыту және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ҚДБ-ның жүйелі жұмысын мойындау. Біз еліміз бен азаматтарымыз үшін ұзақ мерзімді құндылық туғызатын жобаларды қаржыландыруды жалғастырамыз», - деп атап өтті ҚДБ басшысы Марат Елібаев.

ADFIAP сыйлығы оған мүше банктер мен қаржы институттары өткен жылы жүзеге асырған тұрақты даму саласындағы үздік жобалар үшін беріледі.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!