• kz

ҚДБ Ұлыбританияның өнеркәсіптік көміртексіздендірудегі озық тәжірибесін зерттеуде

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өкілдері ағымдағы жылдың 3-7 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен өнеркәсіпті көміртексіздендіру бағдарламасы бойынша оқытуға қатысты. Бұл іс-шарада төмен көміртекті даму саласындағы саясатты, өнеркәсіптің көміртексіздендіруді ынталандыруды, «жасыл» жобаларды қолдау тетіктерін қаржыландыру және тұрақты энергетика саласындағы ынтымақтастық келешектерін қоса алғанда негізгі мәселелер талқыланды.


WhatsApp Image 2025-03-11 at 18.38.54.jpeg


British Expertise International компаниясы ұйымдастырған «Қазақстандағы көміртексіздендіру: инвестициялық мүмкіндіктерді ашу» панельдік сессиясы барысында ҚДБ басқарушы директоры Дина Жанәділ тұрақты даму мен энергетикалық ауысу бағытындағы Банк қызметі туралы айтып өтті. Өз сөзінде Дина Жанәділ ҚДБ кредиттік қоржындағы көміртегі ізін қысқартуға және экологиялық таза жобаларды қолдауға бағытталған экологиялық маңызы бар жобаларды қаржыландыру арқылы Қазақстанның тұрақты дамуын қолдайтынын айтып өтті.


WhatsApp Image 2025-03-11 at 18.38.54 (1).jpeg


Сапар аясында Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі, Ұлттар достастығы және даму министрлігі (FCDO), Энергетикалық қауіпсіздік және шығарындылардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу министрлігі (DESNZ), сондай-ақ Көлік министрлігінің өкілдері өнеркәсіптік көміртексіздендіру және көмірден бас тарту тәжірибесімен, шығарындылар саудасы, энергетикалық қауіпсіздік пен шығарындылардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу саясаты, көлік секторын көміртексіздендіру және сутекті сақтау мен ұстау тәжірибелерімен бөлісті.


WhatsApp Image 2025-03-11 at 18.38.55 (2).jpeg


Сонымен қатар, делегация Кент және Кардифф қалаларындағы өнеркәсіптік нысандарға барып, инновациялық технологиялардың енгізілуімен танысты. Атап айтқанда, Panasonic зауытындағы күн батареялары жүйесі, аккумуляторлық жүйелері мен сутегі отын элементтері, аккумулятор батареялары сақталатын энергетикалық парк пен сутегі орталығының жұмысы зерттелді.


WhatsApp Image 2025-03-11 at 18.38.54 (2).jpeg

Бұдан бөлек, ҚДБ өкілдері Уэльс Үкіметі мен Даму Банкі ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысып, сапардың негізгі нәтижелерін талқылады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!