• kz

ҚДБ-ның Директорлар кеңесі Банктің 2021 жылғы Даму стратегиясы бойынша есебін бекітті

Күн тәртібінде сегіз мәселе болды, соның ішінде:

  • 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың 2019-2023 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы бойынша есепті қарау.
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2021 жылғы жылдық есепті бекіту.
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың 2021 жылғы жылдық есебін бекіту туралы мәселені алдын ала қарау және жалғыз акционердің қарауына шығару.
  • 2022 жылға «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ тәуекелінің негізгі индикаторларының тізбесін бекіту.

Атап айтқанда, 2021 жылы Даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша бір көрсеткіштен басқа, барлық көрсеткіштерге табысты қол жеткізілді.

Осылайша, қаржыландыру көлемі бойынша көрсеткіш жоспарланған 478,2 млрд шамасынан артып, 533,2 млрд теңгеге жетті, қарыз алудың жалпы құрылымындағы мемлекеттік емес қарыз алу көздерінің үлесі бойынша көрсеткіш жоспарланған 70%-дан 77%-ға асты, ал кредиттік портфельдегі жеке сектордың үлесі 2021 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 60%-дан кем емес шамасынан асып, 66,3%-ға жетті.

Мақсаттарға жету үшін Банк 2021 жылы бірқатар іс-шаралар өткізді. Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру жоспарланған 335,9 млрд шамасынан артып, 399,1 млрд теңгеге жетті. Банк экспорттық операцияларды жоспарланған 103 млрд. шамасынан артып, 168,4 млрд. теңгеге қаржыландырды. 2021 жылға лизингтік мәмілелерді жоспарлы қаржыландыру 185,1 млрд теңге көлемінде белгіленді, іс жүзінде көлем 193,8 млрд-қа жетті.

Бұл ретте Даму стратегиясы шеңберінде жалпы активтерден кредиттік портфельдің (лизингтік портфельді қоса алғанда) үлесі бойынша бір ғана көрсеткішке қол жеткізілген жоқ. Ол кейбір қарыздар бойынша жоспарланбаған мерзімінен бұрын өтеуге байланысты жоспарланған 75%-дан 70,49%-ды құрады.

Отырыс қорытындысы бойынша Директорлар Кеңесі күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша оң қорытындылар берді. 

Анықтама үшін:
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты. Банк инвестициялық кезеңнен бастап дайын өнім экспортын қолдауға дейінгі жобаларды қаржыландырудың ыңғайлы құрылымын ұсынады. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың «шегі» 7 млрд теңгеден, тамақ саласы үшін - 3 млрд теңгеден, экспорттық операциялар үшін - 1 млрд теңгеден басталады. Банк сондай-ақ ақпараттық ашықтықты арттыру мақсатында ҚДБ әкімшілендіруіндегі, қаржыландыруындағы және қарауындағы жобалар туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат базасын кеңейтті. Банктің сайтында қаржыландырудың негізгі шарттары туралы ақпаратпен және жобалар бойынша жалпы ақпаратпен танысуға болады..
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі:
Телефон: 8 (7172) 79 26 08 
Сайты: www.kdb.kz
E-mail: pressa@kdb.kz

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79