• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ бондтарды орналастыруды сәтті аяқтады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес құрылымы) 2022 жылғы 12 мамырда көлемі 500 млн АҚШ доллары және жылдық 5,75% мөлшеріндегі купон мөлшерлемесімен еурооблигациялардың үш жылдық шығарылымын орналастыруды сәтті аяқтады.

IMG_1606-4.jpg

Бұл 2022 жылғы ақпандағы Украинадағы қақтығыс басталғаннан бері барлық ТМД кеңістігінде еурооблигациялардың алғашқы орналасуы болды. 4 мамырда АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің (ФРЖ) отырысы қарсаңында американдық реттеуші 2000 жылдан бастап алғаш рет мөлшерлемені 50 базистік тармаққа көтерген нарықтық құбылмалылыққа қарамастан, ҚДБ келесі күні оң нарықтық конъюнктураны пайдаланып, сол күні жабылған еурооблигациялардың жаңа шығарылымына өтінімдер кітабын ашты.

Еурооблигациялар ұсынысы инвесторлар тарапынан қызығушылық тудырды, бұл Қазақстанның Даму Банкінің, жалпы Қазақстанның тартымдылығының сақталуын білдіреді. Соңғы кітапта 60-тан астам түрлі инвесторлар болды. Еурооблигацияларды орналастырудың кең географиясын Қазақстан (47%), АҚШ (21%), континенттік Еуропа (16%), Ұлыбритания (15%) және Азия (1%) ұсынды. Инвесторлардың негізгі үлесін басқарушы компаниялар (67%), сондай-ақ банктер (25%), сақтандыру және зейнетақы қорлары (8%) құрады.

ҚДБ еурооблигацияларды шығару нәтижесінде тартатын қаражат өтелуі 2022 жылғы желтоқсанда жүзеге асырылуы тиіс 2012 жылы орналастырылған еурооблигацияларды сатып алуға бағытталатын болады.

Орналастыру бойынша бірлескен букраннерлер және сатып алу бойынша дилер менеджерлері J.P. Morgan Securities Plc, Citigroup Global Markets Limited, «Halyk Finance» АҚ және MUFG Securities EMA Plc. болды. Тендерлік агент болып Kroll Issuer Services Limited тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Fitch Ratings ҚДБ рейтингін тұрақты болжаммен «BBB» деңгейінде растады. Сонымен қатар Moody's осы жылдың сәуір айында ҚДБ-ның ұзақ мерзімді рейтингін тұрақты болжаммен «Baa2» деңгейінде растады.

Анықтама үшін:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты. Банк инвестициялық кезеңнен бастап дайын өнім экспортын қолдауға дейінгі жобаларды қаржыландырудың ыңғайлы құрылымын ұсынады. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың «шегі» 7 млрд теңгеден, тамақ саласы үшін - 3 млрд теңгеден, экспорттық операциялар үшін - 1 млрд теңгеден басталады. Банк сондай-ақ ақпараттық ашықтықты арттыру мақсатында ҚДБ әкімшілендіруіндегі, қаржыландыруындағы және қарауындағы жобалар туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат қорын кеңейтті. Банктің сайтында қаржыландырудың негізгі шарттары туралы ақпаратпен және жобалар бойынша жалпы ақпаратпен танысуға болады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі:

Телефон: 8 (7172) 79 26 08

Сайты: www.kdb.kz

E-mail: pressa@kdb.kz
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79