• kz

ҚДБ ауыл шаруашылығы саласына арналған қаржы құралдарымен таныстырды

Даму банкі өңдеу өнеркәсібі мен өндірістік инфрақұрылымдағы ірі жобаларды қаржыландырады, дегенмен азық-түлік өнімдерін өндіру саласындағы объектілерге кредит беру де Банктің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Тәжірибесінде Даму банкі тамақ өнеркәсібі мен АӨК жобаларын – крахмал сірнесіне арналған жүгеріні терең қайта өңдеу зауытын салу, сусындар өндірісін кеңейту және жаңғырту, астықты қайта өңдеу бойынша қуаттылықтар құру, майлы дақылдар тұқымдарын қайта өңдеу зауытын салу, жоғары сапалы ет өнімдерін өндіру бойынша ет комбинатын салу, құс шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұйымдастыру және дамыту және басқа да жобаларды қаржыландырып, табысты жүзеге асырған.

Аға банкир «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-тің 60 мың тоннаға бройлер құс фабрикасын салу инвестициялық жобасы мысалында АӨК жобаларын қаржыландыру туралы айтты. «Кус&Вкус» брендімен салқындатылған және тоңазытылған құс етін өндіруге маманданған құс фабрикасы Банктің қолдауымен Қазақстан өңірлеріне құс етін үздіксіз жеткізуді жүзеге асырып жатыр.

APK AIFC2.jpg

«Фабриканың екі кезегін салу бойынша жобалардың құны 51,57 млрд теңгені, қарыз құны 30,47 млрд теңгені құрады. Қамтамасыз ету құрылымы жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен және болашақта келіп түсетін мүлікпен ұсынылған. Жобалар толығымен қаржыландырылды, пайдалануға берілді және шығарылатын өнім Қазақстан нарығында сатылуда», - деді Әсел Шитенова.

APK AIFC3.jpg

Бүгінгі таңда Банк жобалар шеңберінде инвестициялық жобалар мен айналым капиталын орта мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыруды; экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыруды; лизинг пен банкаралық кредиттеуді; үлестік қаржыландыруды ұсынады. ҚДБ өңдеуші сектордағы аса маңызды жобаларды қаржыландыру бойынша мамандандырылған мемлекеттік институт ретінде «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша индустриялық - инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады.

коллаж1.jpg

ҚДБ-дағы қарыздың ең аз сомасы 7 млрд теңге мөлшерінде белгіленген, дегенмен азық-түлік өнімдері мен сусындар өндірісі саласында жүзеге асырылатын жобалар үшін 20 жылға дейінгі мерзімге 3 млрд теңгеден басталатын қарыз сомасы да қарастырылған.

Бірлесіп қаржыландыру немесе синдикатталған қарыз кезінде Банк қарыз капиталының 50% аспайтын мөлшерін кредиттейді және бұл ретте азық-түлік өнімдері мен сусындар өндірісі саласында жүзеге асырылатын жобалар үшін 5 жылдан 20 жылға дейінгі қарыз мерзімімен 1 млрд теңгеден басталатын ең төменгі соманы кредиттейтінін айтап өткен жөн. Жобаларды қаржыландыруға Банктің барынша көп қатысуы инвестициялық жобаның сметалық құнының 80% аспайды.

Экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыру кезінде қарыздың ең аз сомасы 1 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, Банк еншілес ұйымы Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге 500 млн теңгеден басталатын лизинг қызметтерін ұсынады.

Бүгінгі күні ҚДБ агроөнеркәсіптік кешеннің түрлі сатылардағы әлеуетті инвестициялық жобаларын қарастыруда. Банк қызметтеріне қызығушылық танытқан немесе сұрақтарыңыз туындаған жағдайда бізге https://www.kdb.kz/contacts/ сілтемесі арқылы хабарласыңыз.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79