• kz

Кадрлық алшақтықты қысқарту: ҚДБ-да ашық есік күні өтті

День открытых дверей.png

Биылғы жылы короновирустық пандемияға байланысты ҚДБ-да Ашық есік күні онлайн-конференция форматында өтті. Екі сағат ішінде Банк өкілдері елдің басты даму институтының қызметі, сондай-ақ оның ерекшеліктері, құралдары мен өнімдері туралы айтты. Даму Банкімен танысу шеңберінде ҚДБ қызметкерлері жобаларды қаржыландыру, Даму стратегиясы және ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйелерінің негіздері туралы дәрістер өткізді. Онлайн-шараға ҚБТУ, КИМЭП, Nazarbayev University, Тұран Астана студенттері, сондай-ақ өңірлік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

«Даму Банкі девальвация, экономиканың құлдырауы немесе пандемия сияқты сын-тегеуріндерді әрдайым сәтті еңсеріп келеді деп айта аламын. Егер артқа қарасақ, Банк тарихына ғана емес, ел тарихына да енген ҚДБ қызметінің негізгі сәттерін еске алуға болады. ҚДБ еуробондтарды теңгемен шығарған Қазақстандағы алғашқы қаржы институты. Шын мәнінде? бұл шетелдік инвесторлардың бізді оң бағалап, барлық валюталық тәуекелдерді өз мойнына алатындығын көрсетеді. Сондай-ақ ҚДБ сукук ислам облигацияларының шығарылымын бірінші болып орналастырғанын атап өткіміз келеді. Қызмет еткен жылдары біз қызметкерлеріміздің біліктілігін едәуір арттырдық, Банк өз командасын өте жоғары бағалайды. Біздің Банкте барлық кәсіби сертификаттау бар», - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Бабичев.

Бабичев ДЮ.png

ҚДБ Даму стратегиясы туралы Стратегия және жоспарлау департаментінің директоры Қайрат Тастамбеков айтып берді.

Миссиясы шикізаттық емес секторды қаржыландыру арқылы ұлттық экономиканы орнықты дамытуға жәрдемдесу болып табылатын мамандандырылған мемлекеттік даму институты бола отырып, ҚДБ өз қызметінде кредит беру, қаржы ресурстарын басқару, сондай-ақ корпоративтік басқару және бизнес-процестерді жетілдіру сияқты 3 түйінді бағытты ұстанады. Бұл даму курсын Банк 2014 жылы бекітті және 2017 жылы өзектендірілді. Қазір әлемдік экономика үшін ағымдағы сын-қатерлерді назарға ала отырып, Банк командасы 2023 жылға дейінгі даму стратегиясын кезекті өзектендіру бойынша жұмыс істеуде. Осылайша, қалыптасқан нарықтық конъектура жағдайында ҚДБ, бірінші кезекте, отандық бизнестің өсуін белсенді ынталандыруға ұмтылатын болады. Өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымда әлеуметтік-экономикалық тиімділігі жоғары жобаларды қаржыландыруға ерекше назар аударылатын болады. Бұдан басқа, ҚДБ ел экономикасын дамытуда жеке сектордың рөлін ұлғайтуға жәрдемдесу, сондай-ақ олардың «жасыл» экономикаға көшу процесін ынталандыру арқылы отандық бизнесті қолдауға ниетті.

Екінші негізгі бағыт бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарын басқару болады. Үшіншіден, Даму Банкі операциялық қызметтің өзгеруін күтуде, өйткені Covid-19 пандемиясы және соның салдарынан қашықтан жұмыс режиміне шығу барынша қысқа мерзімде қалыптасқан жағдайға барынша аз шығынмен бейімделу үшін өзгерістер жүргізу қажеттігін талап етеді.

Тастамбеков К.png

Клиенттермен жұмыс жүргізу дирекциясының аға банкирі Серік Ахметов мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы айтып берді.

Мұнай саласы инновацияға тән емес деген қате пікір бар. Шын мәнінде, мұнда технологиялардың дамуы басқа салалардағы сияқты айқын емес, мысалы, IT, дегенмен олар бар. Осылайша, жылдар өткен сайын мұнайды өңдеу тиімділігі мен сапасы артады. Мысалы, Серік Ахметовтің айтуынша, ҚДБ қаржылық қолдауының арқасында қазақстандық негізгі МӨЗ қайта өңдеу тереңдігін айтарлықтай арттыра алды: егер бұрын ол 50-60% құраса, қазір бұл сан шамамен 80-90% - ға жетеді. Қазіргі уақытта Даму Банкіндегі мұнай өңдеу жобаларының үлесі 31% - ды немесе 1,9 трлн теңгені құрайды. Құны 1,4 трлн теңге болатын 10 жоба тарту сатысында.

Салалық талдаудан басқа, жобалар мен Банктің талаптары туралы толық ақпарат, жобаларды құрылымдау мысалында екі жағдайды талдау тыңдаушылар үшін жағымды бонус болды. Серік Ахметов сондай-ақ қаржы моделін құру үшін жаңадан бастаушылар мен жұмыс істеп жүрген талдаушыларға арналған инсайттармен бөлісті.

Ахметов Серик.png

Операциялық тәуекелдер басқармасының бастығы Ермек Азамбаев және Қаржылық тәуекелдер басқармасының бас тәуекел-менеджері Шолпан Садықова тәуекелдерді басқару жүйесінің негіздері туралы айтып берді.

ҚДБ-дағы тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі 5 сатыдан тұрады, онда ішкі аудит қызметі үшінші қорғау желісі, тәуекел-менеджмент блогы – екінші, ал Банктің құрылымдық бөлімшелері – үшінші саты болып шығады. Бұл ретте тәуекел-менеджмент блогы операциялық және кредиттік тәуекелдерді басқаруға, әдіснаманы талдау мен әзірлеуге, сондай-ақ тәуекелдерді сәйкестендіруге, бағалауға, бақылауға және мониторингтеуге тұрақты негізде жауап береді.

Спикерлер Банктегі тәуекелдерді басқарудың негізгі құралдары, сондай-ақ ҚДБ қызметкерлері арасында тәуекел мәдениетін дамыту әдістері туралы толықтай айтып берді. Олардың мәліметінше, қазіргі уақытта тәуекел мәдениетін дамытудың негізгі міндеттері құндылықтар мен сенімдерді қалыптастыру, Банк тәуекелдерін басқарудың бірыңғай түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ персоналдың қатыстырушылығын арттыру болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, толық ақпаратты www.kdb.kz сайтынан таба аласыз.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79