• kz

Бәйтерек холдингі Қазақстанда екінші деңгейдегі банктермен жобаларды синдикатталған жобалық қаржыландыруды дамытуға дайын

DSC_7784.JPG

Кездесу барысында ВЭБ.РФ-тағы ресейлік әріптестер синдикатталған мәмілелерді ұйымдастыру тәжірибесімен, жобалық қаржыландыру фабрикасының ерекшеліктерімен бөлісіп, Ресейдегі синдикатталған кредиттеу нарығы туралы айтты.

20201119_113348.jpg

Синдикатталған қаржыландыру – бұл әр кредитордың қатысу мөлшерін, кредиторлардың жеке міндеттемелерін, шешімнің кредиторлардың көпшілігімен немесе барлығымен қабылдануын белгілеумен бірнеше кредиторлардың (кемінде 2) қатысуы арқылы жүзеге асырылатын жобаларды кредиттеу. Синдикатталған кредит шеңберінде Кредиттік басқарушы (төлемдерді қайта үлестіруге, құжаттар мен ақпарат алмасуға, кредиторлар тізілімін жүргізуге, кредиторлардың дауыс беруін ұйымдастыруға жауапты) және Кепілзатты басқарушы (кепілзатты ресімдеумен, жария тізілімдермен өзара іс-қимыл жасаумен және қажет болған жағдайда кредиторлардың пайдасына өндіріп алуды жүзеге асырумен айналысады) тағайындалады. Бұл ретте бір банк Кредиттік басқарушы және Кепілзатты басқарушы бола алады.

Синдикатталған қаржыландыру мәмілесінің заңды құрылымы Синдикатталған кредит шартын және оның шеңберінде Агенттік шарт пен Кепілзатты басқару шартын жасасуды қамтиды.

Синдикатталған кредит беру тетігі арқылы жыл сайынғы мәмілелердің көлемі 4,8 трлн АҚШ доллары деңгейінде бағаланады. Әлемде синдикатталған қарыздардың көлемі еурооблигациялар шығару көлемінен асып түседі, бұл үрдіс дамыған құқықтық реттеумен, тиісті құралдардың болуымен негізделген.

ВЭБ. РФ «Банк ВТБ» АҚ ЕБ, Газпромбанк, Банк ФК «Открытие» ЖАҚ, СберБанк атты ресейлік банктермен бірлесіп 2019-2020 жылдар аралығында мәмілелердің жалпы көлемі 21 млрд АҚШ доллары (Амур ГӨЗ қоса алғанда - 13 млрд АҚШ доллары) болатын синдикатталған жобалық қаржыландырудың 11 мәмілесіне қол қойды. Мұндай мәмілелерді мақұлдаудың және жасасудың орташа мерзімі 9 айды құрайды.

Бұдан басқа, конференция барысында ҚДБ мен ВЭБ.РФ арасында қазақстандық жобаларды бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігінің критерийлері талқыланды.

Қазақстанның Даму Банкі де жобалық қаржыландырудағы осындай синдикаттарды дамытуды жоспарлап отыр. ҚДБ пайплайнында синдикатталған кредиттеу үшін жалпы сомасы шамамен 380 млрд теңге болатын 4 жоба бар. Қазіргі уақытта Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасы сияқты тетік арқылы құрылымдау жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай Қазақстанның Даму Банкі қаржы институттарына (екінші деңгейдегі банктерге және шетелдік банктерге) Қазақстанда синдикатталған кредиттеуді дамытуда белсенді ынтымақтастықты ұсынады, өйткені бұл құрал қарыз алушылар үшін ғана емес, екінші деңгейдегі банктер үшін де тиімді: синдикат қатысушылары арасында тәуекелдіктерді үлестіру, кредит портфелін ұлғайту және әртараптандыру.

Ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналған байланыс телефондары:

Бәйтерек холдингі:

Жобалық қаржыландыру департаментінің директоры Тажикенов Асет, 27 04 16, e-mail A.tazhikenov@baiterek.kz

Асет Тажикенов.jpg

Қазақстанның Даму Банкі:

Аға банкир Ахметов Серик, тел. 79 26 18, е- mail serika@kdb.kz

Ахметов Серик.jpg

ҚДБ-ның синдикаттар бойынша қажетті жұмыс тәжірибесі бар, ҚДБ 2017 жылы TXF Global Export Finance халықаралық конференциясында синдикатталған қарыз тарту бойынша үздік мәміле үшін марапатымен атап өтілді. ҚДБ Sinosure сақтандыру өтемімен «Шымкент МӨЗ-ін қайта жаңарту және жаңғырту» инвестициялық жобасын қаржыландыру үшін Sumitomo Mitsui Banking Corporation Europe Limited, Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ Ltd., Deutsche Bank Hong Kong Branch, Credit Agricole Corporate and Investment Bank тұратын банктер синдикатымен Кредиттік келісім жасасты.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79