• kz

«Пандемия - адамзат үшін мүмкіндік»: Aitas KZ басшысы Серік Толықпаев дағдарысқа балама көзқарас, пост-капитализм дәуіріндегі тұрақты даму мен жұмыс турасында

Covid-19 індетінің таралуы нәтижесінде қалыптасқан күрделі экономикалық жағдай, Серік Толықпаевтың 25 жылдық кәсіби қызметіндегі алғашқы «дағдарыс» емес: 2008 жылғы қаржы жүйесінің күйреуін, теңгенің девальвациясын және ресейлік бәсекелестер тарапынан демпингті өткерген. 1995 жылдан бастап дистрибуция және құс шаруашылығында жұмыс істей отырып, қазіргі уақытта Aitas KZ холдингінің басшысы өзінің «жетістік жолын» жасай алды. Серік мырзаның айтуынша, дағдарыс кезінде екі нәрсені есте сақтау керек – мықты команда және күшті тепе-теңдік. Дәл осы екі өзгермейтін компонент кез-келген қиындықты абыроймен қарсы алуға көмектеседі.

IMG_6490.jpg

- Серік Құлымбекұлы, қазақстандық бизнес бүгінде қиын кезеңдерді бастан кешуде. Бұл туралы не ойлайсыз, пандемия аясында экономиканың дамуы туралы қандай болжамдарыңыз бар?

- Ия, біздің алдымызда күрделі сынақтар тұр, оларды шешу үшін мықты менеджмент қажет. Aitas KZ компаниясында ол бар және біздің серіктестеріміздің осы фактіні әрдайым бағалайтыны қуантады. Осының арқасында, дағдарысқа қарамастан, келешекке үлкен жоспарларымыз бар. Қазіргі уақытта мұны жетістіктік деп санаймын. Компания үлкен асыл тұқымды құс өнімін өндіру желісін іске қосуды жоспарлап отыр, қазірдің өзінде Алматы облысында салынып жатқан фабриканы сатып алып, оны асыл тұқымды құс өсіруге бейімдеп жатырмыз. Бұл Орта Азия, Орталық Азия, ТМД аумағындағы ірі жоба болмақ. Есепке сүйенсек, Алматы асыл тұқымды құс өнімін өндіру алаңында шамамен 160 миллион инкубациялық жұмыртқа өндіру жоспарланып отыр. Осылайша тізбекті жабамыз, яғни енді Чехиядан әкелінетін инкубациялық жұмыртқаның орнына жаңа жылдан бастап өз жұмыртқамызға көшеміз және сәйкесінше өзіндік құнын да төмендететін боламыз. Осылайша Макинск және Өскемен құс фабрикалары өз жұмыртқаларымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, келесі жылы Өскемен құс фабрикасының қуатын екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз, бұл қосымша 28-29 мың тонна. Осы мақсаттарға асыл тұқымды құс өнімін өндіруді жоспарлап отырмыз. Жоспарда, Маркинск құс фабрикасын 2022-2023 жылдары тағы да 2 есеге арттырып, 100 мың тоннаға дейін жеткізу. Қазақстанның оңтүстік өңірі Алматы облысында экспортқа бағытталған тағы 200 мың тоннаға құс фабрикасын саламыз. Бұл орта мерзімді стратегиямыздың көрінісі.

Жалпы экономиканың дамуы бойынша болжамдарға келетін болсақ, қазір белгісіздік басым, бірақ біз әлі де үлкен тарихи күйреудің табалдырығындамыз деп ойлаймын. Менің ойымша, барлық елдерден өткен коронавирустық пандемиясы түріндегі бұл соққы, айсбергтің шыңы ғана. Бәрі әлі алда: тұтынушылыққа жаһандық көзқарас өзгереді, бұл сұраныстың тоқырауына немесе оның құлдырауына әкеледі, өйткені қазір әлемдік экономика негізінен тұтынуға негізделген. Пандемия біздің әдеттерімізді өзгертеді, және бұл іс жүзінде жақсы, өйткені басқа жағдайда біз, адамзат, түр ретінде, екі-үш ғасырдан кейін жоғалып кетуіміз мүмкін. Осылайша, мүмкіндік бар, және біз оны пайдалануымыз керек, тек он етік немесе он бес шалбар кию мүмкіндігін ғана емес, басқа құндылықтарды да бағалай білуді үйренуіміз қажет. Өмірде басқа да қызықты нәрселер бар. Әлем өсу қарқынына қайта оралмаса да, оны пессимистік жағдай ретінде қарастырмаймын, мен оған жағымды жағынан қараймын, керісінше, ол бізді жақсы жолға шығарады деп ойлаймын. Мен бұған келетінімізге сенемін, жөнсіз тұтынушылықты доғару қажет.

- Макинск құс фабрикасы екі жыл бұрын пайдалануға берілген. Қазір қандай нәтижелерге қол жеткізілді? Коронавирустық пандемия мен төтенше жағдай режимі құс фабрикасының жұмысына қалай әсер етті? Шекаралар жабық болды, мәселені қалай еңсердіңіздер?

- Сол күннің оқиғаларын еске салдыңыз. Ол уақытта біз әлемдегі ең үлкен 223 метрлік тауық кәуабын дайындау сияқты қызықты шарамен құс фабрикасының ашылу салтанатын өткізіп жатқан болатынбыз. Халық көп жиналған кезде, біздің көміріміз қандай да бір себептермен сол күні жанған жоқ, бірақ алдын ала дайындық кезінде бәрі ойдағыдай болған еді. Сөйтсек, соңғы күні біз басқа температурадағы көмірді әкеліппіз. Сол сияқты, өндірісті іске қосу кезінде де қиыншылықтар болды. Алғашқы 3 айда энергетикалық инфрақұрылым, атап айтқанда, сумен қамтамасыз ету жүйесі дайын болмады. Өндірістік-индустриялық инфрақұрылымның дайын болмауына байланысты, оны тез арада өз күшімізбен аяқтауға тура келді. Алғашқы 2 айда біз тауықтарды су құбырынан емес, тасымалданатын сумен суардық. Шамамен бір тоқсаннан кейін біз біртіндеп кіріске шықтық. Биыл бізде барлық көрсеткіштер бюджет шегінде. Сонымен қатар, өндіріс бойынша жоспарды асыра орындау жоспарлануда, яғни бюджетте 28 мың тонна көрсетілсе де, біз 29 мың тоннаға шығамыз, бұл шекті қуат. Осылайша, бюджеттік, қаржылық және өндірістік көрсеткіштер бюджет шегінде.

Төтенше жағдай режиміне қатысты. Үкімет тарапынан қызметкерлер мен көлік қозғалысын басқару бөлігінде көптеген бастамалар болды. Барлық рұқсаттарды уақытында алып отырдық, өйткені мемлекеттік органдар азық-түлік өнімінің, ең алдымен халыққа қажет екенін түсінді. Басқаша айтқанда, біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, тауарларды тұтынушыға жеткізу, қозғалыс, логистика сияқты міндеттерді шешудің жолдарын тез таба білдік.

IMG_6553.jpg

- Демек, пандемия өндіріс көлеміне қатты әсер еткен жоқ деңіз?

- Жоқ, іс жүзінде әсер етпеді. Сату жылдамдығына ғана әсер етті десе болды. Бізде өндіріс көлемі мен сату көлемі екі түрлі нәрсе екенін түсіну маңызды. Арасында, бір жарым мың тоннадан астам тауардың жинақталуы орын алған болатын, бірақ бұл қалыпты жағдай. Әсіресе, біздің тұтынушыларымыздың маңызды бөлігі болып табылатын базарлар, азық-түлік дүкендері, мейрамханалар, барлар жабылған кезде сатылымның төмендегенін сездік. Мұндай соққыны біз екі рет бастан өткердік, соңғысы бір ай бұрын карантин ұзартылып, мемлекет азық-түлік базарларын қайтадан жапқан кезде. Дегенмен бұл, коронавирус Aitas KZ жұмысына қатты әсер етті деп айтуға себеп емес. Адамдар әлі де тамақтануды жалғастыруда, егер олар мейрамханада тамақтанбаса, онда үйде тұтынады, сондықтан пандемия айтарлықтай әсер еткен жоқ, бәрі жақсы.

- Фабрикада қанша жұмыс орны құрылған?

- Құс фабрикасында 850 жұмыс орны құрылған, бұл да жоспарланған көрсеткіш. Фабрика бойынша орташа жалақы 215 мың теңгеден басталады, бұл өте жоғары көрсеткіш. Ақмола облысының өңірлік көрсеткішінен әлдеқайда жоғары. Облыс орталықтарының орташа жалақысына сәскес келеді деп айтуға болады. Қызметкерлердің 90% - ы жергілікті халық. 7% - еліміздің басқа аймақтарынан келгендер, тағы 3% - шетелдіктер, негізінен ресейліктер мен украиндар. Бас кезінде экспаттар көп болды, 70-тен астам адам, ал қазір негізгі позицияларда 20-ға жуық адам қалды. Мәселен, Бас директор Евгений Проскурин, ол компанияда ұзақ уақыт жұмыс істеп келе жатқан өз ісінің маманы.

- Халықаралық шекаралардың жабылуы өндіріс цикліне әсер етті ме, өйткені жұмыртқалар шетелден әкелінеді емес пе?

- Иә, халықаралық шекаралардың жабылуына байланысты белгілі бір проблемалар болды. Ең алдымен, шекарада жүргізушілерді ауыстыру қажеттілігімен байланысты. Естеріңізде болса, ең басында Еуропадағы жағдай біздікінен әлдеқайда нашар болды, сондықтан біздің билік елдерді А, Б, С санаттарына бөлуді талап етті. Бақытымызға орай, бізде бүкіл процесті ұйымдастыра алатын жақсы жеткізушілер бар. Сондықтан қазір жұмыртқаға қатысты проблемалар жоқ. Біз тап болған тағы бір проблема – бұл ең алдымен шетелдік жұмыс күшін, атап айтқанда консультанттарды әкелу болды. Шекарадан өткен шетелдік қызметкерлерімізді елге қайта әкелу үшін рұқсат алу қажет, бұл өте қиын рәсім, бірақ шешілетін мәселе. Сондай-ақ, сұраныстың күрт өсуіне байланысты дезинфекциялық препараттармен белгілі бір қиындықтар болды. Негізі дезинфекциялық препараттар – жұмысымыздың бір бөлігі, яғни эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, біз оларды үнемі өндірісте қолданамыз.

- Жұмыртқа басу пайызы қанша?

- 85% көрсеткіш жақсы деп есептеледі, тіпті керемет нәтиже деп айтуға болады. Біз қазір сол шамадамыз. Чехияда өте жақсы серіктестеріміз бар, олар сапалы жұмыртқа жеткізеді, ынтымақтастығымызға көңіліміз толады. Бірақ қазір, жоғарыда айтқанымдай, коронавирусқа байланысты логистикалық тізбектер күрделене түскені түсінікті. Оның үстіне, теңгенің девальвациясына байланысты олардың өзіндік құны көтерілді. Сәйкесінше, шешімін табу қажеттілігі туындады, біз оны таптық, менің ойымша, сәтті – келесі жылдан бастап, айтқанымдай, өзіміз тұқымды жұмыртқа өндіруді жоспарлап отырмыз.

- Жем мәселесі қалай шешілді, бұл да сырттан әкелінетін өнім бе?

- Жоқ, негізі жергілікті жемді пайдаланамыз. Бізде соя сияқты маңызды компонент бар. Ол негізінен сырттан әкелінеді. Бақытымызға орай, соңғы жылы жемнің құны, атап айтқанда шикізаттың соя компоненттері - толық майлы сояның және соя шротының құны – қазір тарихи минимумда. Бұл тұрғыда, әрине, соямен жеңіл. Бірақ қиын жағдай, керісінше, біздің жергілікті жеммен, әсіресе бидаймен байланысты. Соңғы жылы бағасы іс жүзінде екі есеге күрт өскен. Қазір оның құны килограмына 85-90 теңгені құрайды. Дәл қазір біз үшін және жалпы сала үшін ең маңызды сынақ осы.

IMG_6441.jpg

- Ішкі нарықтағы үлестеріңіз қандай?

– Қазір біз 350-ден 57-58 мың тонна өндіреміз, осылайша бұл шамамен 15%. Біз 20% немесе сәл асырып, 23-24% өндіретін боламыз. Келесі жылы біз 90 мың тоннаға жетеміз. Тиісінше, бұл нарықтың 27% болады деп ойлаймын. Шынымды айтсам, біз мұндай көрсеткіштерді есептемейміз. Кейбір компаниялар бәсекелестеріне, кейбірі жан-жағына қарайды. Шын мәнінде, нарық көлемін, импортты алмастырудың орнымыздың бар екенін біле отыра жай ғана жұмыс істейміз, бұл біз үшін маңызды. Даму бағытымыз айқын, тек соған ұмтыламыз.

Дистрибуцияны жетік білуіміздің арқасында, біз барлық арналарды қолданамыз: бөлшек сауда және кәсіби арна, HoReCa-ны пайдаланамыз. Яғни, барлық арналарда бармыз, барлығымен жұмыс істейміз. Бізде жеке дистрибуция да, бірлескен дистрибьюторлар да бар. Барлық арналарға тікелей жеткізу бар, өзімізден тікелей алуға да болады. Біздің өз желіміз бар, айталық, бізбен бірге тоңазытқыш жабдықтарын ұсынатын келісім бойынша жұмыс істейтін көптеген дүкендер бар, мәселен, бөлшек сауда. Салқындатылған өнім бойынша шығыс пен солтүстік өңірлермен жұмыс істейміз, қазір Алматыға ұсынып, сынап жатырмыз. Мұздатылған өнім бойынша біз бүкіл Қазақстан мен Ресей, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстан аумағында жұмыс істейміз. Өткен жылдан бастап біз Ресейге салқындатылған өнімдерді шағын партиялармен жеткізе бастадық.

- Маркинск құс фабрикасының бірінші және екінші кезегін салу үшін Қазақстанның Даму Банкінің кредит қаражаты пайдаланылды. Сіздің ойыңызша, ҚДБ ірі және орта бизнес үшін қай жағынан тартымды?

- Менің ойымша, ҚДБ ірі бизнес үшін қолайлы, өйткені әлеуеті жоғары. ҚДБ институционалдық банк болып табылады. Ол нарықтық банктердің ілгерілеуіне қиындық туғызатын салаларда әрекет етеді. ҚДБ-да көлемі және мерзімі тұрғысынан ұзақ мерзімді, елеулі қор жасауды қажет ететін күрделі, ұзақ мерзімді жобалар. Менің ойымша, бұл оның ерекшелігі. Талаптары да дербес, кейде тым бюрократиялық болып көрінеді, мысалы, ҚТБ (қаржылық техникалық бақылау) сияқты механизмі бар. Тіпті біз кредитке жүктеме алдық, бірақ қазір біз оны ҚДБ-мен ғана емес, тәуекелдерді, бақылауды басқарудың жақсы тетігі ретінде қолданамыз. Біз оны жүйемізге енгіздік. Жақсы құрал.

- ҚДБ-дан кредит алу қаншалықты оңай/қиын?

- Егер оңай десем, шындықтан алшақ болар. Егер қиын десем, онда бұл да жанаспайды. Білесіз бе, бұл сонда да консервативті банк, нарықтық емес. Мәселен, ЕҚДБ-мен салыстырсақ. ҚДБ-ның әлдеқайда аз бюрократиямен ерекшеленетінін, табыс табу мақсатында емес, компанияны дамыту үшін мүмкіндіктер іздеуге бейім екенін атап өткім келеді. Біз Еуропалық банкпен акционерлік келісімнен шығып, бірқатар артықшылықтарға байланысты Даму банкіне өттік: дегенмен, өзіміздің қазақстандық құрал. Әрқайсымыздың Отанды қолдауға деген ішкі сұранысымыз бар, және де әрқашан сол елден қолдау таба аламыз. Қайсыбірі жоқ десе де, көпшілігі қолдауын ұсынары хақ. Қиын сәттерде, мен үнемі туған жерден көмек сұраңыз, ол көмектеседі деп айтамын. Мұның қалай көмектесетінін түсіндіру өте қиын, бірақ егер сіз оны жақсы көрсеңіз, ол сізге әрқашан көмектеседі. Адамдарға қажеттілігіңізді шынайы түсіндіресіз, сізді түсінетін және Отанымыздың пайдасына шешім қабылдайтын адамдар табылады. ҚДБ-да да көптеген нағыз патриоттар жұмыс істейді.

- Қызметкерлерді таңдау кезінде Сіз үшін қандай адами қасиеттер маңызды?

- Қазір уақытта біздің, ең алдымен, менің талабым, бұл ізгілік, ерік күші және даналық сияқты құндылықтар жиынтығы. Аталғандар ең басты қасиеттер деп ойлаймын. Мәселен, даналық негізінде шыдамдылық, кішіпейілділік сынды асыл құндылықтар ұштасқан. Дәл осы қасиет қиындықтарға қарсы тұратын бүгінгі күннің басшысы үшін ең маңызды құндылық. Харизма, ақыл, батылдық сындылар капиталистік әлемнің қасиеттері. Ал, біз пост-капитализм кезеңіне келген сияқтымыз. Мысалы, коронавирустық пандемия салдары басқа өмір қалпына әкелуі мүмкін. Және бұл шынайылықта тиімді жұмыс істейтіндер емес, тұрақты жұмыс істейтіндер сұранысқа ие болады. Ал, тұрақтылық қашан да даналықпен ұштасады. Тұрақтылық – төзімділіктің көрінісі. Немесе махаббат – тұрақтылықтың бір санаты ретінде. Махаббат жүйеге тұрақтылық береді. Сондықтан, осы жиынтық қазір біздің компанияда сұранысқа ие, сипаттамалары немесе осы сипаттамалардың алғышарттары. Махаббат, даналық және ерік күші.

- Ал Сіз ауылдық аймақтарды қалай дамытасыз? Өскеменде Сіздің қолдауыңызбен стадион, мешіт салынды. Бұланды аймағына қандай үлес қосудасыз немесе үлес қосуды жоспарлап отырсыз?

- Барлық қайырымдылық шараларын жүйелендірдік. Біз оны қайырымдылық ретінде емес, Холдингтің мақсаты мен миссиясы ретінде қарастырамыз. Жоғарыда айтқанымдай, бұл Қазақстан халқына қызметіміз және елдің тұрақты дамуының миссиясы. Үш аймақты қамтыдық: Қатон-Қарағай, Ұлан және Бұланды. Осы аймақтарда Қор құрдық. Қордың негізгі мақсаты –                             аумақтың тұрақты дамуы. Қандай әрекет жасап жатырмыз? Біріншіден, біз аймаққа кіреміз, талдаймыз және аймақтың стратегиясын жасаймыз. Содан кейін стратегияны іске асыру үшін Қорымыз арқылы қоғамды, бизнесті және билікті бірлестіктеріп, әрекет жасауға тырысамыз. Мысалы, Бұланды ауданы үшін біз әзірлеген стратегия «Қазақстанның солтүстік ет кластерін құру» деген атауға ие. Ет кластері біздің дамуымызға ғана емес, сонымен қатар ілеспе өндірістердің, мысалы, пакеттер, тұғырықтар, жемдік компоненттер және т.б. сындылардың өндірісін дамытуға бағытталған. Яғни, біз гранттар бөлеміз, бизнесті, әлеуметтік инфрақұрылымды қолдаймыз. Біз бизнеске осы аймақты бірге қалыптастыруды ұсынамыз. Мүмкіндіктермізді біріктіреміз. Нәтижесінде, өте жан-жақты әрі көркем жобалар шығады. Осы аймақтарда үш бағытта жұмыс істейміз: экономика, әлеуметтік орта және экология. Әлеуметтік ортаны қолдау жолында, биыл медициналық қызметтерді ашуға гранттар бөлеміз. Мәселен, стоматологиялық емхана. Білім беру саласы бойынша, жақында Назарбаев Зияткерлік мектептерімен меморандумға қол қойдық және осы үш өңірде НЗМ қолдауымен төрт мектеп ашамыз. Осылайша, біз soft skills стандарттарын енгізіп жатырмыз. Он жылдың ішінде жыл сайын 100 миллион теңгеден бөлеміз. Биылғы жылы бұл қаражат гранттарға, бұдан басқа, ауданның инфрақұрылымын дамыту үшін бірқатар жобалық-сметалық құжаттамаларға жұмсалды. Ең қызығы, біз осы экожүйенің бір бөлігі ретінде билік пен азаматтық қоғамды жұмылдырамыз. Барлық негізгі стейкхолдерлерді стратегияны іске асыру үшін біріктіруіміз, біз үшін үлкен жетістік. Міне, әлеуметтік жауапкершілікке көзқарасымыз осылай көрініс табуда. Жеке өзіме «әлеуметтік жауапкершілік» сөзі ұнамсыз, өз еліне деген махаббат ұғымы тартымдырақ. Халқыма, отбасыма деген махаббат.

- Өзіңізді қалай жігерлендіресіз?

- Мен ешқандай ынталандыру қолданбаймын, бар болғаны жұмыс істеймін, әрекет етемін. Айтқанымдай, мен өз отбасымды, елімді, халқымды жақсы көремін. Міне, осылар мені ынталандырады. Өмірімді сүйемін.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79