• kz

Баспасөз хабарламалары

Даму Банкі қарыз алушыларға қалай қолдау көрсетеді

IMG_1106.jpg

- ҚДБ төтенше жағдай кезінде ел экономикасын және өз клиенттерін қолдау үшін дағдарысқа қарсы жоспар аясында қандай шаралар қабылдауда.

Дағдарысқа қарсы әзірленген жоспарға сәйкес, Банк келесі шараларды іске асыруды қарастыруда:

1. Теңгемен қаржыландырылған жобалар үшін Банк қарыздарға қайта құрылымдау жүргізетін болады. Ол негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесін өзгертуді, ағымдағы сыйақы ставкасын сақтай отырып, қарыз мерзімдерін ұлғайтуды білдіреді. Сондай-ақ, шетел валютасында қаржыландырылған жобалар үшін қорландыру шарты болса қарызды айырбастау, сондай-ақ төлемдерді ауыстыру мүмкіндігі қаралатын болады.

2. Сыртқы факторлардың теріс әсері күшейген жағдайда қажетті іс-шаралар өткізуді және мониторинглеуді күшейтуді талап ететін жобалар пулы құрылды.

3. Қаржыландырылатын жобаларды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды төмендету мақсатында ҚДБ өзінің кепіл саясатына және басқа да ішкі актілеріне өзгерістер енгізуде.

4. Қаржыландырудың жаңа құралдарын қолдана отырып жобаларды қаржыландыру ықтималдығы. Әңгіме нарықтық инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерді (ЕДБ) тарту, сондай-ақ ЕДБ және басқа да кредиторлармен бірлесіп, ҚДБ инвестициялық жобаларын синдикатталған қаржыландыру жөнінде болып отыр. Бұл ретте, ҚДБ Ұйымдастырушы Банк ретінде қатысатын болады.

- Экономиканың қандай салалары, қандай жобалар туралы әңгіме болып отыр?

Пандемия мен ұлттық валюта бағамының әсері, ісжүзінде, экономиканың барлық салаларына, азды-көпті дәрежеде әсер етті. Сондықтан ҚДБ, жеке тәртіппен әрбір жоба бойынша бар проблемалар мен әлеуетті тәуекелдерді қарады және қызмет саласына қарамастан, топтар бойынша бөле отырып, дағдарысқа қарсы жоспар қалыптастырды.

Бірінші топта, бұл - іс-шараларды басым тәртіппен өткізуді талап ететін жобалар. Әрбір жоба бойынша жол картасы әзірленді және ҚДБ кредитор ретінде қарыз алушыларға жәрдемдесетін болады.

Екінші топқа іс-шаралар мен күшейтілген мониторинг жүргізуді талап ететін жобалар кіреді, бұл өз алдына, watch-list. Бұл пул сондай-ақ жіті назарда және ҚДБ сарапшылары оған үнемі мониторинг жүргізеді.

Үшінші топтағылар, бұл - арнайы іс-шаралар жүргізуді талап етпейтін жобалар, бірақ олар бойынша мониторинг Банк белгілеген тәртіппен жүзеге асырылуда. Қазіргі жағдайда барлық жобалар күйзеліске төзімділік сынағына ұшырауда, бірақ, біз бұл топ тұрақты, қызметін жалғастырып келеді және Банк қарыздарына өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетті деп есептейміз.

Биыл Даму Банкіне 19 жыл толатынын атап өткім келеді, салыстырмалы түрде жас Банк екенімізге қарамастан, бізде дағдарыстық жағдайларда, соның ішінде әлемдік жұмыс тәжірибелер жинақталған. 2008 жыл дағдарыс жылы болды, елдің экономикалық қызметінің құлдырауы кейінгі жылдарда да байқалды, ал 2015 жыл айтарлықтай девальвациямен есте қалды. Осы жылдар ішінде ҚДБ-да тәжірибе жинақталды және қарыз алушыларды қолдаудың механизмдері мен құралдары, оның ішінде бейінді министрліктермен диалогтық алаңдар әзірленді. Банк тұрақты негізде, жобаларға көмек көрсету қажет болған жағдайда әрбір жоба бойынша тестілеу жүргізеді . 2013 жылдан бастап Банк жобаларды дағдарыс жағдайынан шығару бойынша жол карталарын қалыптастыру тәжірибесін енгізді.

Мен жоғарыда дағдарысқа қарсы шараларымыз айтып өттім, сонымен қоса, біз пандемия кезінде қарыз алушылардың қаржылық емес міндеттемелерді орындамаумен байланысты барлық айыппұл санкцияларын алып тастадық, қаржылық міндеттемелер бойынша айыппұл санкцияларын жою жекелеп қаралуда, қажеттілік болса төлем күнін неғұрлым кейінгі мерзімге ауыстырамыз.

Әсіресе, пандемияның ықпалына құрылыс және жабдықтарды жеткізу сатысында тұрған жобалар ұшырап отыр. Құрал-жабдықтарды жеткізушілер шетелдік компаниялар болуы мүмкін, сәйкесінше шекараның жабықтығы осы жобаларды іске асыруға әсер етеді. Егер осы компаниялардың кірістері алдағы уақытта мемлекеттік/ квазимемлекеттік құрылымдарға тәуелді болса, мерзімдерін қайта қарастырамыз, мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасаудамыз.

Ал егер экономика салалары туралы айтатын болсақ, ҚДБ жүйе құраушы жобалармен жұмыс істейді. Қандай секторлардағы жобалар қолдауды қажет етеді, ал қандай жобалар жеткілікті дәрежеде дербес және өз беттерімен жұмыс істеуде?

Шекаралардың жабылуы, барлық өңірлерде экономикалық белсенділіктің төмендеуі бірінші кезекте шикізат нарықтарына әсер етуде, мұнай тек бір ғана бағыты. Тамақ өнеркәсібі де теріс әсерге ұшырауға бейім, өйткені халықтың сатып алу қабілетінің деңгейі тамақ өнімдерін өндіруде өзін іске асыратын жобалардың табыстылығына әсер етудің тікелей факторы болып табылады. Теңгенің құнсыздануы долларлық қарыздар алу кезіндегі қамтамасыз ету құнының құнсыздануына әкеп соғады. Осыған байланысты, ағымдағы жағдайды назарға ала отырып, Банк қаржыландыруды тоқтатуға жол бермеу мақсатында құрылыс сатысындағы жобаларға қатысты талаптарды жұмсартуда, бастысы, өндірістік объектілердің құрылысын пайдалануға беруге дейін жеткізулері қажет.

Сонымен қатар, қандай да бір салаларға қолдау шараларыын көрсететін көптеген мемлекеттік бағдарламалар барайтып өткім келеді, оған мысал ИИДМБ, тұрғын үй құрылысы, автоөндірушілерді қолдау, экспорттаушыларға көмек көрсету бағдарламалары. Алайда, бүгінгі күні инфрақұрылымдық жобаларды қолдау бойынша жеке мемлекеттік бағдарлама жоқ. Осыған байланысты, ҚДБ даму институты ретінде өзінің қызметі қажет жерде және қажетті уақытта бола отырып, өз миссиясын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда коммерциялық банктер инфрақұрылым объектілерімен байланысты жобаларды қаржыландыруға мүдделі емес. Елдің қор нарығы да дағдарысқа әрекет етуде және инфрақұрылым жобаларын ағымдағы нарықтық ставаклар бойынша қаржыландыру жөнсіз, себебі инфрақұрылым объектілері табыстылықтың жоғары деңгейін болжамайды. Сол себепті дағдарысқа қарсы бағдарламада Банк инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бағдарламаларына бастамашылық ету жөніндегі іс-шараларды қарастырды. Біздің пікірімізше, теңгемен қорландыру инфляция деңгейінен аспайтын нарықтық ставкалардан төмен болуы тиіс, өйткені бұл сайып келгенде, ҚР экономикасының барлық субъектілеріне көрсетілетін қызмет тарифтеріне әсер етеді.

- Сіздердің дағдарысқа қарсы іс-шараларыңыз тек клиенттерге ғана бағытталған ба немесе Банк клиенті болып табылмайтын басқа ұйымдарға да әрекет ете ме?

Банктің ҚР экономикасын қаржыландыру бойынша стратегиялық мақсаттары бар, Банк осы жоспардан ауытқымайды. Банк карантинге қарамастан, жаңа жобаларды қарауды және қаржыландыруды үздіксіз жалғастыруда. Ол үшін Банкте барлық қажетті регламенттер мен құралдар бар. Елімізде коронавирустық инфекцияға байланысты ТЖ енгізілген уақыттан бастап, Банк 15 наурыздан бүгінгі күнге дейін қашықтықтан жұмыс режимінде және қарыз алушылардың физикалық қатысуынсыз жұмыс істеп келеді, бүгінгі таңда 63,6 млрд теңге сомаға қарыз беру жүзеге асырылды.

ҚДБ осы уақытқа дейін клиентке бағдарланған болды және әрі қарай да солай болып қала береді. Біз өзіміздің клиенттер үшін ыңғайлы ете отырып, бизнес-процестерімізді өзгертудеміз, бізде бар тәжірибеге сүйене және клиенттің тілектерін тыңдай отырып жұмысымызды дұрыстаудамыз. Сапалы қызмет көрсету – біз үшін қағида. Банк ашық және клиент үшін айқын.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79