• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ: Шымкент қаласында «Asia Trafo» зауытының салтанатты тұсаукесері болып өтті

Бұл бірегей оқиға, оның еліміздің электротехникалық саласын дамытуда зор маңызы бар. Кәсіпорын өкілдерінің айтуы бойынша Орта Азияда оған тең келетін зауыт жоқ – ол қуаты 110кВ - 500кВ кернеу диапазонындағы трансформаторлар жасау бойынша өңірде жалғыз. Оның үстіне, жабдықтары өзіндік бірегей технология бойынша жасалған. Осы биылғы жылдың өзінде ұқсас қуаттағы электр энергетикалық жабдықтар шығаруды жолға қою жоспарлануда. Өнімі ТМД елдеріне, Иранға, Ауғанстанға және Пәкстанға жөнелтілетін болады. «Alageum Electric» компаниясы өкілдерінің деректері бойынша кәсіпорын көлемдерінің қуаты жылына 120 трансформаторды құрайды, бұл ретте онда 500 астам адам жұмыспен қамтылатын болады.

Зауыттың құрылысы индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ИИДМБ) шеңберінде 2017 жылы басталды. Жобаның жалпы құны шамамен 18,9 млрд теңгені құрады, 8,7 млрд теңгеге жуық көлемдегі қаржы қаражатын 12 жылға берілетін қарыз түрінде Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілесі) берді, Даму банкінің еншілес ұйымы ҚДБ-Лизинг те 5,9 млрд теңге сомасында қаржыландыру ұсынды. Қаржыландыру Еуропаның жетекші өндірушілерінен технологиялық жабдық сатып алуға пайдаланылды. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында 12 гектар аумаққа орналасқан жоғары технологиялы зауыт соның нәтижесіне айналды. Жаңа зауыт Қазақстандағы электротехникалық жабдықтарды жетекші өндіруші «Alageum Electric» компаниясының құрамына кіреді.

Жоба ҚДБ қызметінің қағидаттары мен басымдықтарына толық сәйкес келеді. Оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі жоғары, жобаның жоспарлы қуатқа шығуы кезінде кәсіпорыннан өңір және ел экономикасына 2 млрд теңгеге жуық салық түсімдері күтіледі.

«Бұл жоба бизнес пен мемлекеттің тиімді ынтымақтастығының жарқын мысалы болып табылады. «Asia Trafo» жобалау тобының даму институттарымен, мемлекеттік ведомстволармен, ұлттық компаниялармен тиімді ынтымақтастығының арқасында, инвестициялық преференцияларды, заттай гранттарды, төмендетілген ставка бойынша қаржыландыруды және т.б. қоса алғанда, жобаны мемлекеттік қолдаудың іс жүзіндегі барлық шаралары оны іске асыру үшін ұсынылды», - деп атап өтті тұсаукесер барысында ҚДБ Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау департаментінің директоры Жанат Аңсағанова.

Атрибут ALT для изображения
ҚДБ Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау департаментінің директоры Жанат Аңсағанова.

Жаңа кәсіпорында алғашқы тапсырыстардың пайда болып үлгіргені атап өтуге тұрарлық. Қазіргі сәттегі ең ірі сатып алушы KEGOC электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания болып табылады. Ол кернеуінің ең көп қуаты 500 кВ ұштастырушы реакторларды сатып алады. Соған қарамастан, кәсіпорын басшылары зауыттың алғашқы өнімін Шымкентке және Түркістан облысына орнатуға уәде берді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79