• kz

ҚДБ Бухгалтерлік есеп департаменті – бүгінгі күннің ақиқаты

Мамекова С.jpg

Қазір бухгалтер мамандығы IT-технологиялардың және жасанды сананың белсенді дамуы салдарынан жойылуға жақын деген пікірлер бар, Сіз бұл туралы не ойлайсыз?

Технологиялардың дамуы және автоматтандыру жұмыс орындарын немесе белгілі бір мамандықтарды жояды деген пікірмен түбегейлі келіспеймін, өйткені адамзат тарихы керісінше үрдісті көрсетеді. Егер біз осындай пікірді ұстанатын болсақ, ауылшаруашылығымен қолмен айналысатын едік, солай емес пе? IT-технологиялардың дамуы көптеген мамандықтарды, соның ішінде бухгалтер мамандығын дамыту драйверлерінің бірі болып табылады, бірақ оны мүлдем алмастыра алмайды.

Бүгінгі күні IT-технологияларды дамытудың арқасында кәсіби құзыреттілікті арттырудың жаңа мүмкіндіктері пайда болуда, ақпаратты өңдеу және есептілікті қалыптастыру мерзімдері айтарлықтай қысқаруда. Осыған байланысты бухгалтер мамандығының даму перспективалары туындайды. Мысалы, қазіргі таңда ҚДБ-ның Бухгалтерлік есеп департаментінің қызметкерлері өз құзыреттерін арттырып, корпоративтік қаржы, заңнама саласындағы біліктіліктерін жетілдіруде. Осының арқасында департамент қызметкерлері банктің бизнес-үдерістерін өзектендіруге белсенді қатысады және жұмыс топтарының құрамына қатысады, сондықтан мұндай қызметкерлерді машиналар мен бағдарламаларға ауыстыру өте қиын. Қазіргі заманғы бухгалтер - көп қырлы мамандық, өйткені бухгалтерлік есеп саласы бухгалтерлік есеп пен салық заңнамасындағы біліммен шектелмейді, тенденциялар өз біліктілігін үнемі жетілдіруді, қолданыстағы заңдарға соңғы өзгерістер мен толықтыруларды қадағалап, оларды тәжірибеде ескеруді талап етеді.

Біздің департаменттің барлық құрамының «Кәсіби бухгалтер» біліктілігіне ие екендігін, сондай-ақ олардың үштен бірі ACCA Diploma in International Financial Reporting (ХҚЕС бойынша емтиханнан өткеннен кейін ACCA Британдық ұйымы тапсыратын халықаралық деңгейдегі диплом) сертификаттауынан өткенін атап өткім келеді.. Бөлімше қызметкерлері біліктілікті арттыру бойынша одан әрі жұмысты жалғастыруды жоспарлайды.

ҚДБ-дағы бухгалтерлік есепті автоматтандыруды қалай бағалайсыз?

IT-технологиялар ақпарат ағындарын түрлендіру мен жақсарту процесінің маңызды құралы болып табылады. Қазіргі уақытта бөлімше қызметкерлері IT-департаментімен бірлесіп қалыптасқан ескішіл жұмыстың үлкен ауқымын автоматтандыру , атап айтқанда қаржылық есептілікке ашып көрсетулерді қалыптастыруды автоматтандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, заңнамадағы және ХҚЕС өзгерістерін ескере отырып, біз кредиттік қызметтің, шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін одан әрі автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізудеміз.

Өкінішке орай, бұл жұмыс бухгалтердің қалауынан гөрі сыртқы факторларға көбірек байланысты: бюджет, ақпараттық технологиялар мен автоматтандыруды дамыту жоспары.

ДБУ

Қазіргі заманғы компаниялардың көпшілігі коронадағдарысынан экономиканың баяу дамуына байланысты оны оңтайландыру мақсатында бухгалтерлік қызметтерді аутсорсингке беруді жөн көреді, мұны Банкке қатысты қолдануға болады деп ойлайсыз ба?

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктің бухгалтерлік қызметтерді бөгде ұйымға беруі мүмкін емес.

Сонымен қатар, заңнамалық шектеулерді есепке алмасақ, банктегі кез келген операцияларды аутсорсингке беруге болады деп есептеймін. Бұл ретте кез-келген функцияларды беру мәселесінің маңызды аспектісі экономикалық тиімділік болуы керек. Егер әлдекім қандай да бір функцияларды жылдам әрі сапалы жүзеге асыра алатын болса, мұндай адамдар банкте жұмыс істеуі немесе аутсорсинг шарттарында қызмет көрсетуі тиіс.

Пандемия және қашықтан жұмыс істеу режимі жағдайында өзіңіз жетекшілік ететін департаменттің жұмысы қалай ұйымдастырылғанын айтып беріңізші? Қашықтан жұмыс істеу режимі тиімділікке әсер етті ме?

Пандемияның таралуы аясында қатаң шектеулер енгізілгеніне қарамастан, Банк өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қашықтан жұмыс істеу режиміне көшу бойынша жедел шаралар қабылдады.

Департамент өз қызметі барысында банктің барлық бөлімшелерімен белсенді өзара әрекет жасайды. Онлайн жұмыс режиміне көшу қағаз тасымалдағыштарындағы құжаттар көлемін қысқартуға, Банктің құрылымдық бөлімшелерінен жедел ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік берді.

Банктің қашықтан жұмыс істеу режимін жедел ұйымдастыру, Банк қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету тәжірибесін карантиндік шаралар толық аяқталғаннан кейін де пайдалануға болады деп есептеймін.

ДБУ

Сіз жетекшілік ететін департаментте кадрлардың тұрақтамау үрдісі іс жүзінде жоқ деген пікір бар, Сіз де солай ойлайсыз ба және неліктен?

Бухгалтер мамандығы үшін байсалдылық, логикалық ойлау, сабырлылық, ұқыптылық, өз көзқарасын дәлелдей білу, адалдық сияқты жеке қасиеттер қажет. Бірақ ең маңызды қасиеттердің бірі - жауапкершілік, шыдамдылық және ұқыптылық.

Сонымен қатар, кадрлардың тұрақтамауын төмендетудің маңызды элементі ұжым ішіндегі ахуал болып табылады. Департаментте пікірлес кәсіпқойлардан жақсы ұжым қалыптасты. Қызметкерлердің өз бастамаларын енгізу, сабақтас салаларда құзыреттерін дамыту және т.б мүмкіндіктері бар. Сондықтан бухгалтерлер көбінесе кадрлардың тұрақтамауы тенденциясына бейім емес деп ойлаймын.    

Мысалы, мен Банктің құрылған сәтінен бастап оның бір бөлігі болып табыламын, дәлірек айтсақ, мен ҚДБ-да 2007 ж. бастап жұмыс істеймін. Менің еңбек жолым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде басталған, ҚР ҰБ Банкнот фабрикасының бухгалтерлік қызметін басқардым. Бүгінде өткенге қарап, департамент жұмысын бағалай отырып, экономикадағы, құқықтық базадағы және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарындағы түрлі өзгерістер, Банк өнімдері желісінде жаңа қаржы құралдарының пайда болуы Банктің қаржылық есептілігінде уақтылы көрініс табатынын түсінемін, бұл бөлімшенің өзгерістерге, трансформацияларға әзірлігін көрсетеді.

Сіз жетекшілік ететін Департаменттің келесі жылға қандай жоспарлары бар?

Департаменттің алдында келесі жылға үлкен жоспарлар тұр. Олардың ішінен бағдарламалық өнімдерді және есеп нысандарын пысықтауға байланысты бухгалтерлік есеп пен есептілікті автоматтандыру бойынша жұмыстарды бөліп көрсетуге болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79