«ЭнергоБилдСервис» ЖШС

«ЭнергоБилдСервис» ЖШС «Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Рудничный СЭС-1 және СЭС-2 құрылысы» инвестициялық жобасы

Энергетика

Қаржыландыру мәртебесі: Кепілдік мәртебесі: Қаржыландыруда

«ЭнергоБилдСервис» ЖШС туралы мәліметтер

Жобаның атауы «ЭнергоБилдСервис» ЖШС «Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Рудничный СЭС-1 және СЭС-2 құрылысы» инвестициялық жобасы 
Жобаның сипаттамасы Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Рудничный СЭС-1 және СЭС-2 құрылысы, белгіленген қуаты – 19 МВт және 23 МВт.
Екі СЭС-тің жалпы белгіленген қуаты – 42 МВт.
СЭС-1 электр энергиясын орташа-көпжылдық өндіру – 91,8 млн. кВтсағ ;
СЭС-2 – 116,5 млн. кВтсағ., жалпы электр энергиясын өндіру – 208,3 млн. кВтсағ.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қарыз алушысы «ЭнергоБилдСервис» ЖШС
Соңғы бенефициарлар
Байғазин Ален Мұхтарұлы, Оразбеков Қайрат Айтмолдайұлы
Өнім Электр энергиясы
Жобаны қаржыландыру құрылымы Жобаның құны 44,614 млрд ₸
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қатысуы, қаржыландыру валюталарының қимасында 37,504 млрд ₸ дейін, оның ішінде:
- Сублимит 1 – 16 007 641 967 теңгеге дейін қоса алғанда,
- Сублимит 2 – 21 496 875 000 теңгеге дейін қоса алғанда, қаржыландырудың мынадай құралдарының бірін беруді көздейді:
- кепілдіктер* – 21 496 875 000 теңгеге дейін қоса алғанда немесе
- қарыздар – 15 000 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда.
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 528 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларының 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген нарықтық жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру тетігі шеңберінде берілетін кепілдік.
Қарыз алушының жеке қатысуы 13,607 млрд ₸
Басқа несие берушілердің жобаны қаржыландыруға қатысуы Екінші деңгейдегі Банк – 15 000 000 000 теңге
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржыландыру құралын ұсыну шарттары Қаржыландыру валютасы Теңге
Қаржыландыру құралының түрі Жаңартылмайтын несие желісі, соның ішінде:
- Сублимит 1 шеңберінде – кредиттік желі шеңберіндегі қарыздар;
- Сублимит 2 шеңберінде – банктік кепілдіктер, кредиттік желі шеңберіндегі қарыздар
Сыйақы мөлшерлемесі

сыйақы мөлшерлемесі/тәуекел үшін комиссия: Сублимит 1 – жылдық 16,76%, тіркелген; 

Сублимит 2: – тәуекелдер үшін комиссиялар – жылдық 2,83%, нақты сомадан тіркелген шығарылған банк кепілдігі;

- қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі –жылдық 16,76%, тіркелген; 

- қарыз алушыға кредиттік желі шеңберінде банктің сублимит шеңберінде банктік кепілдік бойынша талаптарды орындауы нәтижесінде туындаған банк алдындағы берешекті төлеуді өтеу үшін берілетін банктік қарыз шарты бойынша жылдық 2-23%, тіркелген

Қарыз мерзімі кредиттік желіні ашу туралы келісім жасалған күннен бастап 123 айға дейін:
Сублимит 1 – кредиттік желіні ашу туралы келісім жасалған күннен бастап 123 айға дейін;
Сублимит 2 – кредиттік желіні ашу туралы келісім жасалған күннен бастап 123 айға дейін;
- Банктің Сублимит-2 шеңберінде банк кепілдігі бойынша талаптарды орындауы нәтижесінде туындаған банк алдындағы берешекті төлеуді өтеу үшін кредиттік желі шеңберінде қарыз алушыға берілетін банктік қарыз шарты бойынша банктік кепілдік шарты жасалған күннен бастап 12 айға дейін несие желісін ашу туралы келісімнің мерзімінен аспайды.
Қаржыландыру көздері Банктің меншікті қаражаты
Қосымша ақпарат Мекен-жайы Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 34/1 үй, 3 пәтер
Тел. +7 (7172) 91-29-65    
Электронды пошта office.almaty@energomost.kz